Оқиғалар

«Арт-зертханасы оқушыларының - «Түс полифониясы» көрмесінің ашылуы

2021 жылдың 30 мамырында сағат 12.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында «Арт-зертханасы оқушыларының - «Түс полифониясы» көрмесінің ашылуы өтеді.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ «Арт-зертханасында», көптеген жылдар бойы балалар мен ересектер оқып келеді. Бейнелеу өнері студиясы жыл сайын өз қамқорындағылардың туындыларының көрмелерін ұйымдастырады. Биыл бейнелеу өнері студиясының бір топ ересек студенттері өз туындыларын көрмеге қойып жатыр. Экспозицияда әр түрлі жанрларда, техникада және материалдарда орындалған 110-нан астам туындылар ұсынылған.

Бұл біздің туған қаламыздың жыл мен күннің әр мезгілінде жазылып алынған танымал пейзаждары, біздің айналамыздағы өмірдің түрлі-түсті палитрасын байқауға мүмкіндік береді: көгілдір үлдірлі шілтерге малынған қысқы тыныштықтың әсемдігі, қызыл таулары бар ландшафт, мүмкін бұл Шарын болса керек, әлемнің басқа бөліктеріндегі табиғат көріністері суретшілерді бей-жай қалдырмайды, тау тізбегінің үстіндегі солтүстік шұғыласы, су айдынының  ортасындағы жалғыз арал.  

Жақындарымыздың, модельдердің портреттері, автопортреттер бізге бірде қуанышпен, кейде мұңлы немесе ойлана қарайды. Олар психологиялық және жантебірентерлік.

Тақырыптық сюжеттер баяндауымен ерекше назар аударады. Бұл суретшілердің назарына ілігіп, күнделікті өмірдің кезеңінен алынған, мәңгілікке есте қалдырылған қала тұрғындарына, замандастарымызға арналған туындылар. 

Ұсынылған жұмыстардың арасында стильдеу элементтерімен, композициялық құрылымға әшекейлі құраушы енгізілген қызықты графикалық жұмыстар бар. Олар композицияны құрудың ерекше тәсілі - өздеріне, фрагменттеріне назар аудара отырып, ақ-қара шешімдердің түрлі-түстімен үйлесімімен баурап алады. Сондай-ақ мозаикалық композициялар, керамиканың түрлі-түсті бөліктерінен тұрғандай.

Натюрмортта авторлардың әр заттың өзгешелігін оның табиғи даралығын баса көрсете отырып жеткізуге деген ұмтылысын сезінуге болады. Олар сұрбейне түсі мен техникасында  орындалған. Көбінесе сүйікті бөлме гүлдері натюрморттардың кейіпкерлеріне айналады: алоэ, үлпілдек қазтамақ, терезедегі таңертеңгі таулардың керемет панорамасы бар әсем орхидея. Суретшінің қиялы шынайылық пен ирреалдылық әлемімен шектесетін шығармалар сирек кездеседі.

Шығармалардың акварельдік топтамасы ойыншықтары, сұлбаларының жұмсақтығы және қоңырқайлығымен, керемет берілген материалдылығымен назар аударады. Өмірдің ең жақсы кезеңі – балалық шақ еріксіз еске түседі.

Туындыларда теңіз тақырыбы да көрініс табады - кемелер, құмды жағалаулар, су асты патшалығының сиқырлы әлемі. Суретшілерді флора мен фаунаның бейнелері қызықтырады.

Көрмеде салауатты өмір салтын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттайтын плакаттық жанрдың туындылары бар.

Көрменің қатысушылары: Кныш  П.В., Абдраманова С.А., Кашкеева Я.А., Ермахан Д.С., Киселева Л.Ф., Танекеева М.Ш., Бердышева А.С., Гасани Г.Г., Кадырова Т.Р., Примбетова С.М., Мухоморова С.Н., Рахметова Д.Р., Мазур Е.Ф., Кадырбаева Н.Ш., Парфенова Н.В., Ахметова Р.В. Бұл көрмеге қатысушы мұғалімдер де бар: Оспанов Ғ.Қ., Елеуова А.Д., Үсентаева А.Ө., Нажимеденов Т.М., Нарегеев Р.Г.

Жылдан-жылға бейнелеу өнері студиясы оқушыларының кәсіби өсуін, олардың шығармашылық әлеуетін жақсартуға деген ұмтылысын байқаймыз. Көрмеге қош келдіңіздер!

Баженова Наталия

Көрме жетекшісі -Үсентаева  Айсұлу

Көрме 2021 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады

Жұмыс уақыты: 10-00 - 18-00. Демалыс: дүйсенбі

polifoniya-zveta-002
polifoniya-zveta-001
polifoniya-zveta-003
polifoniya-zveta-004
polifoniya-zveta-005