Оқиғалар

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Жақып Тыныбекұлының «JaQut» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Жақып Тыныбекұлының «JaQut» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.

Сағат 14.30-да суретшінің шығармашылығына арналған «Құттыбек Жақып» альбомы мен «JaQut» каталогының тұсаукесері өтеді.

Суретші-педагог Ақрап Жұбановтың 95 жылдығына арналған Республикалық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2023 жылдың 29 қараша айында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қр көркем академиясының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚазССР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Академиясының Академигі, суретші- педагог Ақрап Жұбановтың 95 жылдығына арналған Республикалық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Талғар ауданының құрметті азаматы Амандос Ақанаевтың 75 жасқа толу және шығармашылық жолының 55 жылдығы мерейтойын атап өтіледі.

2023 жылдың 21 қарашасында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның барлық мәдени қоғамдастығы Түркі әлемінің көрнекті суретшісі, дарынды және тамаша басшы, қазақ қылқалам өнері шеберлерінің көшбасшысы, «Қазақстан Республикасы көркемөнер академиясы» қоғамдық қорының президенті, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар мен өнертанушылар қауымдастығының (AICA) толық мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚРКА бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, Талғар ауданының құрметті азаматы Амандос Ақанаевтың 75 жасқа толу және шығармашылық жолының 55 жылдығы мерейтойын атап өтіледі.

Тоқыма өнері индустриясындағы ең көрнекті әрі көптен күткен оқиғалардың бірі жыл сайынғы Квилт-фестивалі өтеді.

«Қазақстан құрақ құрау шеберлері қауымдастығының» ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Жануарлар әлемін қорғайық» халықаралық квилт-фестивалі өтеді

2023 жылы 18 қарашада  Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде тоқыма өнері индустриясындағы ең көрнекті әрі көптен күткен оқиғалардың бірі жыл сайынғы Квилт-фестивалі өтеді. Дәл осы күні бір жерде этно-дизайн, көркем квилт, пэчворк (құрақ) әлемінің хас шеберлері мен жанкүйерлері, сонымен қатар Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келген креативті киім дизайнерлері жиналмақ.

Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының 90 жыл тоуына орай мерейтойлық көрмесі ашылады.

Қазақстан Республикасының Суретшілер одағына 90 жыл!

(1933-2023)

 

2023 жылдың 7 қараша күні 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлкеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының 90 жыл тоуына орай мерейтойлық көрмесі ашылады.

Бүгінгі ҚР Суретшілер одағының көрмесінде суретшілердің соңғы екі жылда орындаған туындылары ұсынылады. Олардың барлығы алғаш рет көрмеге қойылып отыр. Қазақстанның түрлі қалалары мен аудандарынан келіп қосылған қатысушылар болып табылады. Сондай-ақ көрме экспозициясында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Литва, Бурятия суретшілерінің туындыларын да тамашалуға болады.