Оқиғалар

«Andres шоқжұлдыздары» шығармашылық шеберханасы Уильям Шекспирдің пьесаларының үзінділерінен тұратын "Қайталанбас ойындар" спектаклін ұсынады.

2023 жылдың 24 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде сағат 15.00-де «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің салтанатты жабылуы аясында, «Andres шоқжұлдыздары» шығармашылық шеберханасы Уильям Шекспирдің пьесаларының үзінділерінен тұратын "Қайталанбас ойындар" спектаклін ұсынады.

«Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына орай «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді.

2023 жылғы 22 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті,  «Chine Post Group» корпорациясы,  Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның  Сиандағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына  орай «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы  достық» атты халықаралық көрменің ашылуы  өтеді.

"Тек армандаушыларға Жұлдыздар жарқырайды" халықаралық көрмесінің ашылуы.

2023 жылғы 23 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар, тек арманшылдарға ғана жарқырайды» атты Халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.

 

Әйгілі фотограф Олег Беляловты еске алуға арналған "мәңгілікке қол тигізу" көрмесі ашылады.

2023 жылы 15 тамызда сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі фотосуретші Олег Беляловтың «Мәңгілікке жанасу» атты еске алу көрмесі ашылады.

 

Дәстүрлі археологтар күніне орай археологиялық олжаны фотосурет арқылы «тірілте» білген фотографтың көрмесі ашылады.

Олег Белялов әрбір заттың мән-мағынасын көріп, оның «жанын» жеткізе алатын ерекше қабілетке ие еді, көне дәуірден жеткен заттарды тарихпен етене келген жанды композицияға айналдыра алушы еді. Бұған оның тек тарихты ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар әлемін де терең білуі көмекке келді. Археология әлемі Олегті тарихи-мәдени мұра нысандары мен археологиялық экспедициялар кезінде табылған олжалардың тамаша фотосуреттер қорын құра білген саналы маман ретінде мәңгі жадында сақтайды.

Көрме Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында Олег Беляловтың қорын құруға орай ұйымдастырылған. 

Көрменің ашылуында Олег Беляловты еске  алуға арналған кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Солнечный ветер» деректі фильмі көрсетіледі.

 

Экспозиция тамыз айының 29-на дейін жалғасады.

Көрме жетекшісі – Акжаркын Кумарбаева

foto2
foto1
foto3

Конкурсқа түскен 8-13 және 14-18 жастағы балалардың іріктеу кезеңін комиссия мүшелері өткізді

Ә.Қастеев атындағы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылдың 3 тамыз күні  «Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы  достық» атты халықаралық байқаудың 1-іріктеу  кезеңі бойынша комиссия отырысы өтті.

Байқауға келген 8-13 және 14-18 жас аралығындағы балалардың жұмыстарын музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, көрме және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, ғалым хатшы, баспасөз хатшысы, ғылыми бөлімдердің жетекшілері, өнертану ғылымдарының кандидаттары, магистрлардың құрмамымен бекітілген комиссия мүшесі іріктеу жұмыстарын жүргізді. Байқаудың 1-кезеңі бойынша Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент, Орал қалаларынан 79 жұмыс келіп түсті, соның ішінен 2-кезең музейде өтетін көрмеге 40 қатысушының 43 жұмысы іріктеліп алынды. Көрмеге Қазақстан тарапынан  40 жұмыс және Қытай тарапынан 40 жұмыс қойылады, екі тараптан арнайы құрылған комиссия мүшелері көрмеге ұсынылған жұмыстардан  үздікін таңдайтын болады. Көрме 2023 жылдың 22-24 тамыз күндері өтеді. Байқаудың 1-кезеңіне қатысқан барша балалар, ата-аналары мен жетекшілеріне музей әкімшілігі алғыс білдіреді.

2-кезеңге өткен қатысушылардың тізімі қосымша берілді.

Қосымша ақпарат:  байқаудың кураторы Ақмарал Алтайқызы - 87753409967

 

Список участников международного конкурса

«Дружба между детьми Китая и Казахстана»,

прошедших 1 этап отборочного тура

 

  1. Мылтықбай Ажар 13 лет
  2. Бектасова Айганым Диас-Есимжановна 13 лет
  3. Серкебаева Айзере Хайдаровна 8 лет
  4. Умурзак Айым Алибеккызы, 12 лет
  5. Усен Айым 16 лет
  6. Нұржан Алем Эрикұлы 10 лет
  7. Кабылбекова Алема 14 лет
  8. Сарбасова Алима 15 лет
  9. Бирмагамбетова Алина 18 лет
  10. Матбаева Алуа 15 лет
  11. Тульбааева Амина 14 лет
  12. Кажикумарова Анелия 12 лет
  13. Юденич Анна 12 лет
  14. Таласбаева Ариана 10 лет
  15. Зарубина Арина 13 лет
  16. Айткалиев Арлан, 11 лет
  17. Мылтықбай Арна 10 лет
  18. Гайнедин Аружан 12 лет
  19. Фасхутдинова Аэлита 10 лет
  20. Отарбаев Бауыржан, 16 лет
  21. Пелых Богдана, 13 лет
  22. Сабирова Бэлла 10 лет
  23. Збродова Вероника 11 лет
  24. Юркова Вероника14 лет
  25. Цой Виктория 12 лет
  26. Дауренкызы Дания 8 лет
  27. Бабак Дарья 12 лет
  28. Ким Дарья Сергеевна 15 лет
  29. Амангелді Әліма 15 лет
  30. Сабирова Линара 8 лет
  31. Бадалова Луиза 13 лет
  32. Нағышбай Малика (14 жас)
  33. Мұхатбек Мөлдір Ануарқызы 15 жас
  34. Климентьева Надежда 15 лет
  35. Курепко Наталья 12 жас
  36. Алиева Пери 13 лет
  37. Сыдыкова Рамина 11 лет
  38. Мукажан Сафина 8 лет
  39. Артамонова Таисия 14 лет
  40. Куватова Эля 12 лет
20230803150330
20230803150343
20230803150357
20230803150412
20230803150445
20230803150452
20230803150516
20230803150701
20230803150719