Оқиғалар

«СОНДАЙ ЖАҚЫН БАЛИ АРАЛЫ» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.

2024 жылдың 5 наурызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «СОНДАЙ ЖАҚЫН БАЛИ АРАЛЫ» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.

 

«Сондай жақын Бали аралы» атты фотокөрмесі танымал қазақстандық фотограф Валерий Коренчуктың объективі арқылы көрермендерге сан қырлы және жұмбақ аралдың ғажайып әлемін ашады. Әрбір кадр сол жердің сыры мен ғажайыбын бейнелейді, әр жұмысы әлемді өзінің қайталанбас жарығымен көретін шынайы суретшінің терең көзқарасына толы.

Қазақстандық фотосурет шебері Валерий Коренчук өзінің авторлық қолжазбасын Алматы көшелерінен жарқын Бали аралына көшірді. Оның объективі табиғаттың сұлулығын ғана емес, сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың жан дүниесін, олардың еңбекқорлығы мен сезімталдығын бейнелейді. Адамдардың, жануарлардың және күріш егістерінің фотосуреттері оның мұқият көзқарасымен жаңа өлшемге ие болып, көрермендердің алдында жанданады.

Әрбір кадр көрерменге Бали аралының ерекше және қайталанбас атмосферасын ашады, ол ешнәрсеге ұқсамайды және әлемнің түкпір-түкпірінен келген көптеген адамдар үшін тартымды орынға айналды. Валерий Коренчук көрермендерге Бали таңғажайыптары мен тылсым әлеміне енуге мүмкіндік берді, оны жаңа, ерекше қырынан ашып берді.

            Көрмеде айналамыздағы әлемнің сұлулығы және күнделікті қарбаласта қаншалықты байқалмайтыны туралы ойландыратын жұмыстар ұсынылған. Валерий Коренчуктың фотосуреттері әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлер арасындағы көпірге айналып, көрермендерге көрме залынан шықпай-ақ Бали аралының ерекше атмосферасына енуге мүмкіндік береді.

             «Сондай жақын Бали аралы» фотокөрмесі – бұл таңғажайып жердің сұлулығы мен сиқырын көру және бейтаныс көздерден жасырылған маңызды бөлшектер мен сәттерді түсіре алатын дарынды фотографтың объективі арқылы сезіну мүмкіндігі.

Коренчук Валерий Дмитриевич – Қазақстандағы фотосуретті белсенді насихаттаушылардың бірі. 1965 жылдан бері «МЕДЕУ» Алматы фотоклубының мүшесі, ол 40 жыл бойы оның президенті болды. Коренчуктың жұмыстары 47 елде 1000-нан астам халықаралық көрмелерде көрсетілді. Ол қызы Ольгамен бірге Қазақстанда, Румынияда, Литвада, Эстонияда және Ресейде 38 жеке тақырыптық көрмелерін өткізді. 180-ден астам клубтық көрмелердің, 10 «Алматы фотоөнер апталығының», 20 жыл сайынғы «Алматы алтын объективі» конкурстарының, жыл сайынғы «AlmatyPhotoAwards» халықаралық фотобайқауы және «KAZAKHSTANDIAGAMMA» слайдтар биенналесінің ұйымдастырушысы және кураторы болды.

Фотоөнер мәселелеріне арналған 200-ден астам мақаланың авторы. Көптеген қазақ газет-журналдарымен, баспалармен ынтымақтастықта. В.Д.Коренчуктың  жұмыстары Ресей, Германия, Венгрия, FIAP фотосурет журналдары мен монографияларында басылып, Франция, Үндістан, Пәкістан, Испанияның фотосурет музейлерінде, әлемнің 17 еліндегі қоғамдық және жеке коллекцияларда сақтаулы. Қазақстанның құрметті журналисі, «Images anfrontier» («Шекарасыз сурет») еуропалық фотографиялық қауымдастығының, Пәкістан фото одақтарының федерациясының құрметті атақтарына ие болды, HONPESGSPC  Кипр фото одағының құрметті мүшесі. «PHOTOART» Ресей фотосурет қоғамының құрметті мүшесі.

Коренчук Ольга Валерьевна – FIAP халықаралық фотоөнер федерациясының «Excellence FIAP» құрметті атағын алған Қазақстандағы жалғыз фотограф әйел.

«Жолдың бастауы» атты алғашқы жеке көрмесі 1999 жылы Қазақстанның орталық мемлекеттік музейінде өтті. Содан бері Қазақстанда, Румынияда, Литвада, Эстонияда тағы 32 жеке көрмесі өтті.  Ольга Коренчуктың жұмысы 147 халықаралық фотокөрмелерде көрсетілді, Испанияның Реус қаласының фотомузейінде, Бельгия, Норвегия, Германия, АҚШ, Эстония, Ресей, Швейцарияның жеке және қоғамдық коллекцияларында сақтаулы. Марапаттары – Аргентина, АҚШ, Пәкістан, Қазақстан дипломдары, Австрия мен Өзбекстандағы алтын медальдары.

Иван Шарифуддин – Индонезиядан келген фотограф. 1986 жылы Тришакти университетінің (Universitas Trisakti) графикалық дизайн бөлімін бітіргеннен кейін кәсіби фотограф ретінде еңбек жолын бастады. Ол үйлену тойын фотосуретке түсірумен айналысады, «Majalah», «Gadis», «Femina», «ModedanRias» сән журналдары үшін фотосессиялар жүргізеді, ойын-сауық индустриясы үшін дизайн жобаларын жасайды. 27 жыл коммерциялық фото және бейне түсірілімнен кейін ол өмір салтын түбегейлі өзгертіп, өзін көркем фотосуретке арнауды шешті. 2010 жылы ол үлкен мегаполистен Бали курорттық аралына көшеді.  Өз туындыларын жасау үшін Иван көптеген фотосурет әдістер мен дизайн әзірлемелерін пайдаланады. Ол ашық ауада да, студияда да фотосессия жүргізеді.    «Budi Luhur photography school» - да дәріс оқи отырып, фотосурет өнерін насихаттауға көп көңіл бөледі.

 

Экспозиция наурыз айының 25-не дейін жалғасады.

 

Куратор: Кұмарбаева Ақжарқын Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің КҒҚ

WhatsApp-Image-2024-02-29-at-105406-1
WhatsApp-Image-2024-02-29-at-105405
WhatsApp-Image-2024-02-29-at-105406
WhatsApp-Image-2024-02-29-at-105404-1
WhatsApp-Image-2024-02-29-at-105404
WhatsApp-Image-2024-02-29-at-105405-1
WhatsApp-Image-2024-02-29-at-105405-2