Оқиғалар

Автор және көрермендер мен оқырмандар арасындағы көрме мен бірқатар шығармашылық кездесулерді қамтитын Максим Кантордың «Глобус және уақыт» атты ауқымды Халықаралық жобасын ұсынады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі  автор және көрермендер мен оқырмандар арасындағы көрме мен бірқатар шығармашылық кездесулерді қамтитын Максим Кантордың «Глобус және уақыт» атты ауқымды Халықаралық жобасын ұсынады.

       2024 жылғы 23 ақпанда сағат 16.00-де вернисаж, сағат 15.00-де Максим Кантормен баспасөз конференциясы өтеді.

     25 ақпан күні сағат 14.00-де Максим Кантордың  «Өнер мәңгілікке тиесілі ме» атты дәрісі Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің конференц-залында өтеді.  (кіру билеттері 1500 теңге).

           Көрнекті еуропалық суретші, философ, жазушы, драматург және мәдениеттанушы – Максим Кантордың шығармашылығының феномені теория мен практиканың ажырамас үйлесіміне негізделген. Әлемдік өнер тарихын терең білетін білімдар, классикалық және авангардтық өнердің бірігуінде өзінің көркемдік тұжырымдамасын жасайды. Оның бейнелеу және әдеби шығармашылығының бүкіл әлем бойынша көптеген жанкүйерлері бар.

Суретшінің шығармашылығы Қазақстанда алғаш рет көрермен назарына ұсынылып отыр. Қазақстандық көрермен автордың графика және кескіндемесімен танысып қана қоймай, суретшінің дәрістері мен пікірталастарға қатысу мүмкіндігі бар.

Уткин Алексейдің «Мен және жүректі мәңгілікке жаулаған қала – Алматы !» атты жеке мерейтойлық көрмесі ашылады.

2024 жылдың 16 ақпанында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Уткин Алексейдің «Мен және жүректі мәңгілікке жаулаған қала – Алматы !» атты жеке мерейтойлық көрмесі ашылады.

Суретші үнемі үздіксіз еңбектенуде, тынымсыз ізденіс үстінде. Оның мыңнан астам кескіндеме мен графикалық туындылары бар. Сүйікті жанры – қала пейзажында біз табиғаттың жоғары кәсіби шеберлікпен берілгендігін және кез-келген табиғи күйдің ішкі сезімдерімен ұштасып жатқандығын көруге болады. Суретші жазғандай, оны шығармашылықта шабыттандыратын және ынталандыратын – өмірлік жары, балалары, немерелері, Алматы қаласы мен ондағы адамдар, жалпы өмірге деген сүйіспеншілік пен жүректегі махаббат.

Мүсінші Сарбасов Даниярдың ERKINDIK атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

        2024 жылғы 7 ақпанында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде мүсінші Сарбасов Даниярдың ERKINDIK атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге мүсіншінің отызға жуық мүсіндік туындылары қойылмақ.

        Жас мүсінші Сарбасов Данияр өзінің ERKINDIK атты алғашқы жеке шығармашылық көрмесін көпшілік назарына ұсынады. Көрменің атауы суретші үшін шығармашылық еркіндіктің, ой еркіндігінің маңыздылығын көрсететін терең мазмұнға ие. Сондай-ақ, көрмеге қойылған осы аттас «Еркіндік» (2020) мүсінінде бір арнаға тоғысқан жылқы мен бүркіттің біртұтас бейнесі еркін қалықтап, осы сезімді ұғынуға жетелейді.  

Әсем Әлем өнер Академиясы аясындағы - «Әлем музейлері» Авторлық дәрістері

Әсем Әлем өнер Академиясы аясындағы - «Әлем музейлері» Авторлық дәрістері

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіндегі еліміздің жетекші өнертанушылары білімге құштар тыңдармандарды әлемнің бейнелеу  өнері музейлеріне визуалды саяхат жасауға шақырады.

Жас суретші Асқар Нұрболаттың ĞALAM атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 1 ақпанында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде жас суретші Асқар Нұрболаттың ĞALAM атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде суретшінің елуден астам кескіндемелік туындылары қойылмақ.

Әлемде жағдай шиеленісіп, ертеңгі күн бұлыңғыр болып тұрғанда ішкі жан-дүниеміздегі өзгеріс пен шабыттың жалғыз катализаторы - өнер деп айтса болады. Асқар Нұрболат ұсынатын ĞALAM - сіздің жан дүниеңіздің ішкі қылдарын нәзік шертеді. Әлдебір күйге бөлейді, қолмен ұстай алмайтын шабыт сыйлайды.