2023 жылы 3 қазанда, сағат 16.00-де Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 85 жылдығына орай «ҰРПАҚҚА МҰРА - ӨНЕР» атты көрме өтеді.
2023 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Санкт-Петербург көркемөнер академиясы «Фигуративті өнер» көрмесін ұсынады.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы қаласы күні мерекесі аясында, 15 қыркүйек күні сағат 19:00-де Испан суретшісі Хуан Саликеттің арт-жобасының ашылуы өтеді.
2023 жылы 17 қыркүйекте сағат 19.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қала күніне орайластырылған, «Мың бояулы Алматы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме музейдің сақтау қорындағы 40-тан аса кескіндемелік туындылар негізінде дайындалған. Алматы қаласының әсемдігін, тыныс-тіршілігін, уақыт ағымын, тарихи өткен кезеңдерін өміріндегі түбірлі өзгерістерді көз алдымызға қазақ бейнелеу өнерінің шеберлері сөзсіз баяндайды.
2023 жылдың 12 қыркүйегінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «МЕН ЖҮРЕГІММЕН КӨРЕМІН» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.