«Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» халықаралық балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы мен байқау жүлдегерлерін марапаттау рәсімі
Аталған балалар шығармашылығының көрмесі «Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» халықаралық байқауы аясында өткізіліп отыр және бейнелеу өнері тарихындағы кескіндеме шеберлерінің бірі, қазақстандық тұңғыш суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған.
Байқау үш номинация бойынша өтті: мүсін, анимация және сәндік-қолданбалы өнер. Қатысушылар Әбілхан Қастеевтің өнерін зерделеп, шығармаларынан шабыт алып, әр түрлі техника қолдану арқылы бейнелеген.
Биік тауларға көмкерілген дала поэзиясының бейнелері, қазақ жеріндегі тың құбылыстар, дәстүрлі көшпелі тұрмыс, көрнекті тұлғалар Әбілхан Қастеевтің шебер қылқаламынан шыққан мәңгілік бейнелері жас суретшілер ұрпағының шығармаларында жаңғыра отырып, осы көрмеде тамашаланған.
Байқау бастамашысы - Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және дизайн мектебінің құрылу тарихы 1981 жылы, Алматы қаласындағы алғашқы бастауыш көркемсурет білім беретін мамандандырылған оқу орны — Алматы балалар көркемсурет мектебінен басталады. Қазіргі уақытта мектепте екі бөлім жұмыс істейді: "Бейнелеу өнері", "Техника және дизайн".
30 жылдан астам уақыт ішінде Өнер мектебі 100-ден астам конкурстық жобаларға белсенді қатысады, олардың ішінде: "Қазақстан-жаңа әлем", Mitsubishi Asian Children ' s Enikki Festa (ЮНЕСКО-ның Азия Тынық мұхиты клубтары мен қауымдастықтары Федерациясы)," Невская палитра "(Санкт-Петербург), "Біздің ортақ үй - Қазақстан", Адам-қызғалдақ" (Нидерландының ҚР Елшілігі), "Lidice" (Czech Republic), "Невская палитра" (Санкт-Петербург көркем бояулар зауыты), "Рух экологиясы" (Калининград қаласы қалалық округ әкімшілігінің мәдениет басқармасы) және т. б.
Мектеп жыл сайынғы Республикалық пленэр-мастер-класс өткізудің бастамашысы болып отырады, онда Қазақстан Республикасы мен шетелдің танымал бейнелеу және қолданбалы өнер шеберлері балалар көркемсурет мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары үшін өздерінің шеберлік шығармашылық сабақтарын өткізеді.
Байқауға 500-ден астам жұмыс ұсынылды, оған Қазақстанның барлық аймақтары мен көршілес елдерден тілек білдірушілер қатысты. Әбілхан Қастеевтің шығармашылығымен кеңінен таныстыру арқылы біз өз мақсатымызды – суретші әлемінің байлығы мен алуан түрлі көрінісінің маңыздылығын жүзеге асыра алдық.