Оқиғалар

Қазақстандық суретші Нұршидин Баратовтың «Жарқын аспан» жеке көрмесі

2021 жылдың 1 мамыр күні сағ. 15-00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан халықтарының Бірлігі күнін тойлау шеңберінде қазақстандық суретші Нұршидин Баратовтың «Жарқын аспан» жеке көрмесінің ашылуы мен баспасөз-туры өтеді. Экспозицияда суретшінің 80 аса кескіндемелік туындылары ұсынылған.

Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60-жыл толуына байланысты көрме

2021 жылдың 13 сәуірі күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60-жыл толуына байланысты көрме ашылады.

Аталған мерейтойға байланысты ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев Атындағы Өнер Мұражайы өз қорынан Қазақстанның танымал суретшілерінің кескіндемелік және графикалық туындыларын назарларыңызға ұсынады.

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК – ТАБЫС КІЛТІ

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады.

Еуропа баспа графикасымен (гравюра және офорт) таныстыратын «16-17 ғасырлардағы Еуропа графикасы» көрмесі

2021 ж. 10 наурызынан бастап, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жинақтамасынан Еуропа баспа графикасымен (гравюра және офорт) таныстыратын «16-17 ғасырлардағы Еуропа графикасы» көрмесі ашық. Экспозицияға Германия, Франция және Голландия суретшілері Альбрехт Дюрер, Жак Калло, Рембрандт Ван Рейн, Антони Ватерло, Ян Ливенс сынды белгілі қылқалам шеберлерінің 100-ден астам туындысы қойылды.

«Көктемгі шабыт» көрмесі

2021 жылдың 5 наурызынан бастап, ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің Орталық көрме залында «Тұмар - aрт» суретшілер қоғамдық бірлестігімен бірге ұйымдастырылған «Көктемгі шабыт» атты көрмесі ашылады.