2021 жылдың 13 сәуірі күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60-жыл толуына байланысты көрме ашылады.
Аталған мерейтойға байланысты ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев Атындағы Өнер Мұражайы өз қорынан Қазақстанның танымал суретшілерінің кескіндемелік және графикалық туындыларын назарларыңызға ұсынады.
Экспозицияда Л. Леонтьев, А. Степанов, Н. Нұрмұхаммедов, К. Моллашев т.б. кескіндемелері мен Н. Гаев, Е. Сидоркин, А. Бақтығалиев, Т. Ордабеков сынды график-суретшілердің баспа графикасында ғарышқа ұшу жайындағы жасаған парақшалары енгізілген.
1961 жылы 12 сәуірде 09 дан 7 минут кеткенде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанған. Оның бұл сапары 1 сағат 48 минутқа созылған. 302 км биіктікте жерді айналып, сағат 10 нан 55 кеткенде жерге қонған. Сол сағатта бүкіл әлемнің назары бізге ауған еді. Сол уақыттан бастап 12 сәуірді Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні деп бекітілген. Тәуелсiздiгiмiздiң 30 жылдық мерекесiмен тұспа-тұс келген ғарыш iс-шаралары халықтың сана-сезiмiнiң, ұлттық намысының өсуiне игi ықпал етерi анық.
Суретшілердің ішінде Алексей Степановқа ерекше көңіл бөлінген. Себебі оның ғарышты игерудегі «Басқа ғаламшарларға» 1960-61, «Ғарыш жолдары» 1969, «Жердің ұлдары» 1976, «Жұлдызды сәт» 1979, сынды 8-ден астам ауқымды еңбектері бүтіндей топтамаға айналған. Шығармаларында Күн жүйесінің шегінен шығу қажеттілігі тұрғандығын өрнектелген. Леонид Леонтьев өз полотнасында осы ғылымды зерттеп, қомақты үлес қосқан астроном, академик «Г. Тиховтың» 1953 шынайы портретін жазған. Оны үшін ақ костюмде, астрономиялық телескоп құралының фонында көрсеткен. Қазақстан бейнлеу өнеріне 1950 жылдары келіп өндірістік пейзеждары ерекше жырлаған Нағымбек Нұрмұхаммедов. Ол «Туған жер. Гагарин» 1966 атты аталмыш тақырыпты айналып өте алмады. Туындыгер Жерге қайта оралған Юрий Гагаринді тағатсыз күтіп алған халықты сипаттаған. Камил Моллашев шығармашылығында реализмнен бастап, өнердің түрлі авангардтық ағымдары синтезделіп, монументалды ойлау мен романтикалық құштарлық негізделген. Ол «Жер және Уақыт. Қазақстан» триптихының «Жастық шақ» 1978 бөлімінде парашюттен енді секіріп түскен космонавтты символға айналдырады. Көрмеде Петр Поповтың «Шабуыл жалғасуда» 1966, Егор Безбородовтың «Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтың портреті» 2011 атты кескіндемелерде кейіпкерлердің бойынан сол заманның хас батырлары, ерлік пен ізгілік бейнелері дәл табылған. Ал Әбдірашид Сыдыханов «Ай таңбасы» 1990 және Есімғали Жұмановтың «Кеңістік 5» 1990 сынды композициялары ғаламдық кеңістікті абстракты тілде пайымдап жеткізеді.
1964 жылы қондырғылы, баспа графиканың шебері Николай Гаев «Жер-Ғарыш-Жер» триптихын орындауда ғарышты меңгеру тақырыбына тоқталады. Аталған жұмысты жалғастыруда 1970 жылы «Байқоңыр» атты парағын монотипия мен офортта орындайды. Қазақстан графикасының негізін қалаушы, кәсіби майталман Евгений Сидоркин. Ол «Қазақстан жерінде» топтамасының «Байқоңырдың үстінен» 1981 атты парағында аспан кеңістігінде салмақсыз айналған үш ғарышкерді суреттеген. 1980 жылдарда баспа графикасының дәстүрін жалғастырған Аман Бақтығалиев «Байқоңыр» 1982 атты автолитагафиясын орындайды. Ал Темірхан Ордабеков «Ғарыш. Дала әні» 1983 атты линогравюрасында аға буын өкілдерінің әдістерін сақтай отырып, аталған тақырыпты жинақы образдармен суреттейді. Шығармада баласымен қауышқан ана негізге алынып, ұлттар арасындағы бірлікке ұштасады.
Көрмеде қойылған туындылар арқылы, болашақта адамзатты Күн жүйесінен тысқарыдағы Ақылмен кездесу сәттері күтіп тұрғандығын болжауға болады.