Жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2022» ғылыми-практикалық конференциясы
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙІ: ЗЕРТТЕУЛЕР, ТӘЖІРИБЕЛЕР, ПЕРСПЕКТИВАЛАР
Жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2022» ғылыми-практикалық конференциясы
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙІ: ЗЕРТТЕУЛЕР, ТӘЖІРИБЕЛЕР, ПЕРСПЕКТИВАЛАР
Қазан айында «Целинный» заманауи мəдениет орталығы ұйымдастыратын Korkut дыбыс өнері жəне жаңа музыка биенналесі Алматының əртүрлі алаңында өтеді. Бағдарламаға қазақстандық жəне халықаралық артистер қатысуымен үш концерт, site-specific бес аудиовизуалды инсталляция, халықаралық суретшілердің артист-токы жəне халық музыкалық аспаптары музейіндегі көрме кірді.
2022 жылғы 7 қазанда сағат 12.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Елена Каскулакованың «Менің жан-дүнием» атты фотокөрмесінің ашылуы өтеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. «Менің жан дүнием» фотокөрмесі біздің балаларымызға - Қазақстанның болашағына арналған.
6 қазан күні сағат 11.00-де суретші Сергей Иванович Калмыковтың туған күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретшінің жерленген жерінің табылуына байланысты «Калмыков. Соңғы мекен» жобасының ашылуы өтеді.
2022 жылғы 5 қазанда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде "Дюрерден Эйфертке дейін. Ә. Қастеев атындағы МӨМ қорынан алынған неміс суретшілері туындыларының көрмесі" атты көрмесінің ашылуы өтеді.