Оқиғалар

Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 9-16 наурыз аралығында келушілердің назарына Truffle Bee брендінен Säule Арт-инсталяциясы: ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 9-16 наурыз аралығында келушілердің назарына Truffle Bee  брендінен Säule Арт-инсталяциясы:  ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынады.


           Säule (қаз. — «сәуле», «жарық») — топтамасы еліміздің бірегей мәдени мұрасының үніне құлақ түріле отырып жасалған. Truffle Bee брендінің алғашқы ұлттық топтамасы — бұл дәстүрімізді визуалды зерттеу, терең тарихы бар ою-өрнектеріміз бүгінгі күн мен өткен, келер шақты байланыстыра, жаңа кейпіне енуінің интерпретациясы. Truffle Bee өз топтамасына айрықша өрнектерді іздестіру барысында ата-бабаларымыздан мұра болып қалған қазақтың дәстүрлі орнаменттерін зерттеген болатын.

БАСПАСӨЗГЕ МӘЛІМДЕМЕ «НЕЙРОҚАЗАҚСТАН» АЛМАТЫДА

     Алматының орталық көрме залы мен  Plan В галереясы алматылықтар мен қала қонақтарын «НейроҚазақстан-2024» жаңа көрме жобасы аясында ашылған Алматыдағы ең инновациялық өнер көрмесін тамашалауға шақырады. Көрменің экспозициясы Қазақстанның көзқарасын жасанды интеллект көзімен көрсететін 120-дан астам картинадан тұрады. Жоба қонақтары еліміздің табиғаты, сәулеті, тағамдары, нейрондық желілердің көмегімен жасалған материалдық мәдениет элементтері туралы балама шолуды көре алады.

«СОНДАЙ ЖАҚЫН БАЛИ АРАЛЫ» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.

2024 жылдың 5 наурызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «СОНДАЙ ЖАҚЫН БАЛИ АРАЛЫ» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.

 

«Сондай жақын Бали аралы» атты фотокөрмесі танымал қазақстандық фотограф Валерий Коренчуктың объективі арқылы көрермендерге сан қырлы және жұмбақ аралдың ғажайып әлемін ашады. Әрбір кадр сол жердің сыры мен ғажайыбын бейнелейді, әр жұмысы әлемді өзінің қайталанбас жарығымен көретін шынайы суретшінің терең көзқарасына толы.

Қазақстандық фотосурет шебері Валерий Коренчук өзінің авторлық қолжазбасын Алматы көшелерінен жарқын Бали аралына көшірді. Оның объективі табиғаттың сұлулығын ғана емес, сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың жан дүниесін, олардың еңбекқорлығы мен сезімталдығын бейнелейді. Адамдардың, жануарлардың және күріш егістерінің фотосуреттері оның мұқият көзқарасымен жаңа өлшемге ие болып, көрермендердің алдында жанданады.

«МУЗЕЙ МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКПЕН» әлеуметтік қайырымдылық акциясының бастамасы.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2024 жылдың                1 наурызында сағат 11.00 де өтетін AUTISM ZHAN ALEMI қоғамдық қорының ерекше балаларды қолдау мақсатында «Алғыс күніне» арналған «МУЗЕЙ МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКПЕН» әлеуметтік қайырымдылық акциясының бастамашысы болып табылады.

 Музей жетекші ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту мекемесі ретінде өскелең ұрпақты ұлттық тарихты, мәдениетті құрметтеу, адамгершілік пен мейірімділік рухында тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Республика музейлерін ЖАҚСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫНА қосылуға шақырады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз-Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған Алматы облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін интерактивті шығармашылық сабақтарын өткізіледі.

         2024 жылғы 4,5,6,7 наурызда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз-Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған (1904-1973) Алматы облысының жалпы білім беретін мектептерінің (Талғар, Есік, Қаскелен, Қонаев қалалары) оқушылары үшін интерактивті шығармашылық сабақтарын өткізіледі.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз – Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты көркемдік білім беру жобасы Мемлекеттік өнер музейінің  көшпелі бағдарламалары аясында тиімді шығырмашылық тәжірибе және білім беру платформасы болып табылады.