Оқиғалар

Көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесін ұсынады.

Орал Таңсықбаевтың шығармашылық ретроспективасы

2025-жылдың 19 наурызы мен 1 маусым аралығында Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесін ұсынады.

«Бұл көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам болмақ. Көрме музейдің 90 жылдық мерейтойымен қатар, оған Ұлттық мәртебе берілген жылы ашылып отыр, бұл еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиға», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы.

Қырғызстанның кескіндемеші-суретшілері мен мүсіншілерінің «Айкөл – Талас - Қырғызстан» ұжымдық көрмесінің ашылуы өтеді.

2025-жылғы 14-наурыз күні сағат 16:00 де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қырғызстанның кескіндемеші-суретшілері мен мүсіншілерінің «Айкөл – Талас - Қырғызстан» ұжымдық көрмесінің ашылуы өтеді.

 

 «Айкөл-Талас-Қырғызстан» атты бір топ кәсіби кескіндемеші - суретшілер мен мүсіншілер қырғыз мәдениетін, табиғаты мен халық дәстүрлерін көркемдік тұрғыдан суреттейтін көрмені ұсынады. 2019-жылы ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың 80 жылдығына арналған халықаралық пленэр кезінде құрылған топ үлкен халықаралық тәжірибесі бар авторларды, Қырғызстанның халық және еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін және сурет өнерін, шығармашылықты сүйетін жас ұрпақты біріктіреді.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің «Естелік. Кеңістік. Даму» атты көрмесі ашылады.

     2025 жылдың 27 ақпан күні 16:00 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің «Естелік. Кеңістік. Даму» атты көрмесі ашылады.

           

         Көрмеге Бақыт Бәпішев, Смайыл Баялиев, Арыстанбек Шалбаев, Саид Атабеков, Сергей Маслов, Рашид Нұрекеев, Молдақұл Нарымбетов, Алмагүл Меңлібаева, Виктор және Елена Воробьевтар, Шәміл Гулиев және басқа да жетекші суретшілердің жұмыстары қойылған. Көрмеде сонымен қатар, Рашид Нұрекеевтің «Жол бойы жаңбыр жоқ» (2022) және «Түлкі мен вагонның ессіз махаббаты» (2021) инсталляциялары, сонымен қатар Қазақстанның заманауи өнер үрдісінде шығармашылығында елеулі орын алатын Алмагүл Меңлібаева, Арыстанбек Шалбаев және Смайыл Баялиевтің бейне-арт жұмыстары қойылған.

Қазақтың ұлттық ойыны әрі спорты — көкпарға арналған Никита Басовтың «Ұлы дала ойыны» атты фото-көрмесі ашылады. БАҚ өкілдерімен кездесу 14:00-ден 16:00-ға дейін өтеді.

2025 жылғы 4 наурызда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан 137) қазақтың ұлттық ойыны әрі спорты — көкпарға арналған Никита Басовтың «Ұлы дала ойыны» атты фото-көрмесі ашылады. БАҚ өкілдерімен кездесу 14:00-ден 16:00-ға дейін өтеді.

 

Бұл жоба тек қана көркемдік шара емес, қазақ мәдениеті мен дәстүрінің ажырамас бөлігі болып саналатын көкпар атты ежелгі спорт түріне арналған маңызды мәдени оқиға. Көкпар — күштің, шеберліктің, командалық рухтың және табандылықтың символы, ол Ұлы даланың рухын нақты бейнелейді. Әрбір күн өткен сайын көрермендерді баурап алатын бұл ойын әлі күнге дейін халықтың мәдени бірегейлігінің маңызды элементі болып табылады.

Суретші Рафаэль Слекеновтың « TANIR NURY» жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің 90-ға жуық кескіндемелік туындылары ұсынылады.

2025 жылдың 7 наурыз күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде  суретші  Рафаэль Слекеновтың « TANIR NURY»  жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.  Көрмеге суретшінің 90-ға жуық кескіндемелік туындылары ұсынылады.

Рафаэль Слекеновтың шығармашылығы – балалық шақ туралы естеліктер мен адамзат  пен нәзік табиғат, қоршаған әлем арасындағы үнсіз байланысты көрсете отырып, өзінің шығармашылығынан сыр шертеді. Автордың туындыларындағы жан сарайының көрінісі бір өзгеше сұлу да, сырлы, таңғажайып жұмбаққа толы «үй әлемін» құрайтындай.  Автор үшін бұл жұмбақ мекен үйі – қорғаны, құтқарушы орны, өмірінің жылуы мен жайлылығының бейне бір көрінісі. Дәл осы үйде, қарапайым тұрмыста, адамдардың рухани еңбегі мен табиғаттың жасыл шұғыласында автор адам болмысының поэзиясын көреді.