Орал Таңсықбаевтың шығармашылық ретроспективасы
2025-жылдың 19 наурызы мен 1 маусым аралығында Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесін ұсынады.
«Бұл көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам болмақ. Көрме музейдің 90 жылдық мерейтойымен қатар, оған Ұлттық мәртебе берілген жылы ашылып отыр, бұл еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиға», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы.
Бұл көрме суретшінің соңғы 40 жылдағы алғашқы 1920-жылдардың соңы мен 1930-жылдардың басындағы туындыларынан бастап, «жеңілдік» кезеңіндегі ауқымды картиналарына дейін шебер шығармашылығының барлық негізгі кезеңдерін қамтитын көрме болмақ.
Көрме қонақтары Ташкент қаласындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Орал Таңсықбаевтың музей-үйінен, Нүкіс қаласындағы Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінен келген, сонымен қатар Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынған 78-ге жуық кескіндеме және графика туындыларын тамашалайды.
Экспозиция – Орал Таңсықбаевтың өмірі, оның драмаға толы шығармашылық тағдыры мен шебердің қолтаңбасының күрделі эволюциясы туралы, бастапқы кезеңдердегі модернистік эксперименттерден бастап, терең символизм мен философиялық мағынаға толы монументалды пейзаждарға дейін кеңінен таныстырады.
Көрмеде О.Таңсықбаевтың орыс авангардының және француз модернистерінің ықпалын көрсететін алғашқы туындыларына ерекше назар аударылады. Экспонаттар арасында атақты «Күрең күз» (1931), «Автопортрет» (1935) картиналары, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі туындылар мен «жеңілдік» кезеңінің көрнекті пейзаждары ұсынылады.
Көрме Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 2-қабатында орналасады және маңызды мәдени оқиға ғана емес, ұлы суретші мұрасын зерделеудің жаңа бастамасы болмақ.
Өзбекстан мәдениеті мен өнерін дамыту қоры туралы
Өзбекстан мәдениеті мен өнерін дамыту қоры (ACDF) Өзбекстанның мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және қолдаумен айналысады. Елдің мәдени дамуына жетекші рөл атқара отырып, Қор ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде өнер қайраткерлері үшін мүмкіндіктер жасауға ұмтылады. Қор - мәдениет пен мұра қоғамды қалыптастыруда, қауымдастықтарды біріктіруде, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және мәдениетаралық диалогты дамытуда маңызды рөл атқаратынына сенеді.
Ташкентте ACDF креативті экономика бойынша төртінші Дүниежүзілік конференцияны табысты өткізді (WCCE, 2024 жылғы 2-4 қазан), сонымен қатар Арал мәдени саммиті (2025-жылғы 4-6-сәуір, Нүкіс, Қарақалпақстан) сияқты ауқымды бастамаларды іске асырады. Өзбекстанның Осакадағы «Expo 2025» көрмесіне қатысудағы мақсаты– (2025 сәуір-қазан, Осака, Кансай, Жапония)Ташкенттегі Қазіргі заманғы өнер орталығын жөндеу, «Тадао Андо» жобасы бойынша жаңа Мемлекеттік өнер музейін салу және ұлы князь Романов сарайын қалпына келтіру болып табылады. Қор сонымен қатар, Ташкенттің модернистік сәулетін құжаттандыруға және қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді зерттеу «Tashkent Modernism XX/XXI» жобасын іске қосты. Жоба шеңберінде «Rizzoli New York» (2024 жылғы қарашада жарияланған) және «Lars Müller Publishers» (2025 жылдың басында шығарылады деп күтілуде) компанияларымен ынтымақтастықта екі маңызды жарияланым жарық көрді. Қор Бухарада 2025-жылдың қыркүйегінде өтетін алғашқы Бұхар биенналесін ұйымдастырады.
Гаянэ Умерова туралы
Гаянэ Умерова Өзбекстанның мәдени секторын дамытумен белсенді айналысады.
Президент Әкімшілігінің әлеуметтік даму департаменті басшысының орынбасары және Өзбекстан өнер мен мәдениетті дамыту қорының (ACDF) төрайымы ретінде Гаянэ Умерова елдің мәдени инфрақұрылымын құру жөніндегі жұмысты басқарады. Оның күш-жігерінің арқасында Өзбекстанның өнері, суретшілері мен мәдени мұрасы халықаралық деңгейде танылуда. Қазіргі уақытта ол өңірдің жаңа мәдени орталығына айналатын Ташкенттегі қазіргі заманғы өнер орталығын қалпына келтіру мен дамытуға жетекшілік етеді, сонымен қатар 2025-жылғы Бұхар биенналесінің комиссары қызметін атқарады (2025-жылғы 5- қыркүйек пен 2025-жыл, қараша). Бұдан басқа, ол «Тадао Андо» жобасы бойынша жаңа Мемлекеттік өнер музейінің құрылысын басқарады. 2021- жылдан бастап, «La Biennale di Venezia» халықаралық сәулет биенналасындағы Өзбек павильонының комиссары болып табылады, сонымен қатар Өзбекстанның Осакадағы «Expo 2025» көрмесіне қатысуына жетекшілік етеді. Оның басшылығымен алғашқы Арал мәдени саммиті де маңызды жобалардың қатарында (2025-жылғы 4-6 сәуір). Өзбекстанның мәдениет саласындағы халықаралық мәртебесін арттырудың жақтаушысы ретінде Гаянэ Умерова Министрлер Кабинеті жанындағы ЮНЕСКО істері жөніндегі Өзбекстанның Ұлттық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады. Оның мемлекеттік қызметке деген адалдығы елдің мәдениет саласында жастарға мүмкіндіктер жасауда және қауымдастық пен ұрпақты байланыстыратын мәдени экономиканы дамытуда айқын көрінеді.
Көрме кураторы – Зельфира Трегулова, Өнертану кандидаты
Музейден координатор – Виолетта Вологодская,
«Шетел өнері» бөлімінің жетекшісі