2024 жылғы 14 маусым және 7 шілде аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазіргі заманғы түрік суретшілері Онур Мансыз, Халил Петюк және Эмин Мете Ердоғанның «Цикл: қазіргі заманды зерттеу» халықаралық көрмесі өтеді, ұйымдастырушылар Түркия Республикасының Бас Консулдығы және Efes Art Space.
Түрік заманауи суретшілері Онур Мансыз, Халил Петюк және Эмин Мете Ердоған – Леонардо дәстүрін жалғастыруда. Көрмеде авторлардың табиғат пен тарих туралы идеяларына арналған жұмыстар жинақталған.
Қазіргі заманғы білім тұжырымдамасы оны адамзаттың ұтымды және эмоциялық өмірлерінің синкретикалық қосылысы ретінде көрсетеді. Ғылым мен өнерді біріктірген алғашқы адам ұлы Леонардо Да Винчи болды. Ол үшін өнер ғылыммен қатар әлемді зерттеудің тағы бір тәсілі болды. «Кескіндеме туралы трактатта» ол былай деп жазады: «барлық көрінетін нәрселерді табиғат жаратты және осы нәрселерден кескіндеме пайда болды».