2020 ж. 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы қаласы күніне арналған «c өтеді.
Экспозицияға 70-тен астам кескіндемелік туындылар қойылды.
Дәстүр бойынша, қыркүйек айының әрбір үшінші жексенбісі Алматы қаласы күні деп белгіленді. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтай отырып, осы мерекелі оқиғаның құрметіне «Сенің қалаңның көшелері» көрмесімен өз есігін ашады. Көрме белгілі алматылық суретші Алексей Уткиннің, «Жаухар» галереясы мен «Almaline» шығармашылық бірлестігінің қатысуымен өтеді. Қонақтарды суретшілердің көзімен көрінген, классикадан заманауи өнерге дейін түрлі стилистикада жазылған Алматы қаласының көз тоймас сұлу көрінісі күтіп тұр.
Алексей Уткиннің мүлдем ерекше шығармашылығы ұсынылуда. Оның картиналарынан сіз қала тұрғындарының фигураларын, жасыл желек жамылған, ал кейде қар басқан таныс даңғылдарды, үлкенді-кішілі көшелерді көре аласыз. Көрермен суретшінің осы картиналарындағы қаланың көңіл-күйін беру сипатын аңғарып, көркем бейненің мағынасына тереңдей түседі.
«Жаухар» – Қазақстан кескіндемесінің энциклопедиясы деп әділ атау алған бірегей галерея. Галерея кескіндеменің хас шеберлері мен сіздерді шынымен таңғалдыратын жаңа талантты буынды ұсынады. Фридлин Евгений, Дәуітбаев Арсен, Құлбатыров Рашид, Мамақов Қойшыбек, Соловьев Николай, Бондаренко Иван, Жүсіпов Әли, Дроздов Александр, Ведерников Максим, Омышев Арсен, Соловьев Николай, Степанов Алексей сынды ерекше суретшілердің жұмыстарында қаламыздың көрнекті орындарына жан бітеді.
Көрмеге сондай-ақ, «Almaline» халықаралық кәсіби кескіндемешілер тобы қатысады. Тамаша қалалық пейзаждарда Баратов Нұршидин, Досымов Бақытжан, Баймаханов Темірәлі, Нұрғожин Мейіржан, Тілеужанов Талғат, Жунушев Жакшыбек, Сауытбеков Нұржан сынды суретшілер кіретін жаңа буын суретшілер тобының тамаша қала пейзаждарында қаланың жаңа даңғылдары мен ескі көшелеріне айрықша көңіл бөледі. Бірлестікке қатысушылардың жұмыстары Мәскеу, Киев, Стамбул, Рим, Нью-Йорк, Лондон және т.б. ірі қалаларда өткен түрлі көрмелер аясында көрсетілген.
Біз сіздерді бүкіл ел үшін тартылыс орталығы болып табылатын және көптеген жылдар бойы осыншама жағымды эмоциялар сыйлаған, осындай жарқын, рухани және көп қырлы Алматы қаласына арналған шығармашылықтан алған эмоцияларыңызбен бөліседі деп күтеміз.
Бұл мереке әрдайым Қазақстан жерінде тұрып, еңбек ететін жандардың барлығын біріктіретін берік буын болсын!