Оқиғалар

Mетамодернист суретші Aruhan-ның (Гаухар Бисенғалиева) «Ұлы Дала мұрасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 1 қарашада сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде метамодернист суретші Aruhan-ның (Гаухар Бисенғалиева) «Ұлы Дала мұрасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

«Ұлы дала мұрасы»  көрмесі келушілерді өнердегі дәстүр мен қазіргі заманның тоғысқан тұсында бірегей зерттеу жасауға шақырады. Aruhan киіз өнеріндегі жаңашылдығымен танылып, осы көне материалды Ұлы даланың мол мұрасын паш ету үшін пайдаланады. Суретшінің шығармашылығында ата-бабаларымыздың салт-дәстүрімен байланысын тереңдете түсетін мәдени мұра мен рухани күштің символы – ұлттық қазақ кілемі басты орынды алады.

 Суретшінің кенептеріндегі дерексіз мотивтер Тәңіршілдік идеяларын бейнелейтін және ата-бабаларымыздың дүниетанымын бейнелейтін мәңгілік аспан ұғымына сілтеме жасайды. Жұмыстар адам мен ғарыш арасындағы байланысты зерттеп, бүгінгі күнге дейін шабыттандыратын терең мәдени тамырларды көрсетеді.        

 Көрмеде киізден және табиғи материалдардан жасалған бірегей жұмыстар ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі қолөнермен айналысқан қазақ шеберлерінің мұрағаттық фотосуреттері, сондай-ақ суретшіге әжесінен мұра етіп берілген жүнмен жұмыс істеуге арналған құралдар ұсынылады.

Аруханның атасы домбыра мен орындаған әуендері шынайы атмосфераны толықтырады, бұл даланың мәдениетін ерекше сезінуге мүмкіндік береді.

Aruhan туындылары табиғи таңбаларға толы және ғасырлар бойы шеберлерді шабыттандырған еркіндікті, энергияны және қазақ жері мен тығыз байланысты бейнелейді. Көрме дәстүр мен қазіргі заман кездесетін, көркемдік көріністің жаңа формаларын ашатын орынға айналады.

Экспозицияны ұғыну мен түсінуге іріктелген мұрағаттық фотосуреттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві материалдарымен Aruhan зерттеу жұмысының нәтижесінде жасалған бейнежазба көмектеседі.

Келушілер қазақ өнерінің қайталанбас әлеміне қол жеткізіп, өткен мен бүгіннің байланысын сезініп, жаңа ашылулар мен ойларға шабыттандыратынын сезіне алады.

 

Экспозиция 2024 жылдың 24 қарашасына дейін жалғасады.

 

Көрме кураторы – А. Құмарбаева

 «Қазақстанның сәндік қолданбалы өнер бөлімінің»

ғылыми қызметкері

004
03-02
002
003