2024 жылғы 16-шілдеден бастап Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде әртүрлі елдердің халық ертегілері мен поэтикалық аңыздары негізінде орындалған, Музей коллекциясынан белгілі қазақстандық график-суретшілер мен мүсіншілердің 60-тан астам туындыларын ұсынатын «ЕРТЕГІ ӘЛЕМІ» көрмесі ашылады.
Қайсар батырлар, тарихи оқиғалар мен ежелгі дәуірлердің өмірі туралы аңыздар мен эпостар әрдайым әрбір халықтың мәдени мұрасының маңызды формаларының бірі болып табылады. Мифтен туындаған халық ертегісі халықтың этикалық және эстетикалық ұғымдары туралы түсініктер ерекше сыйымды нысанда шоғырланған, бір ұрпақтан екіншісіне берілетін мораль мен даналық қалыптасқан фольклорлық дәстүрдің ерекше құбылысы болып табылады. Бүгінде халық ертегісі адам жадының қазынасы, тарихи куәліктердің қайнар көзі, әрбір халықтың жан дүниесінің көрінісі болып қала береді.
Эпикалық аңыздар мен халық ертегілерінен дарыған бейнелер әр түрлі елдердің суретшілерін толғандырып, тартқан. Орыс шеберлері В. Васнецов пен И. Билибиннің, британдықтар Джон Тениел мен Артур Рэкхемнің, француз Густав Доре мен даниялық Кей Нильсеннің, американдықтар Максфилд Пэрриштің, Мэри Блер мен Роберт Ингпеннің, кеңестік Е. Чарушин, Е. Рачев, И. Олейников, сондай-ақ ертегі сюжеттеріне тамаша картиналар мен иллюстрациялар жасаған көптеген дарынды авторлар
Қазақстанның бейнелеу өнерінде көптеген суретшілер халық поэмалары мен ертегілеріне иллюстрациялар жасай отырып, ұлттық ауызша мәдениеттің баға жетпес мұрасына бет бұрды. Экспозицияда И.Исабаев, В. Антощенко-Оленев, Е. Сидоркин, Б. Пак, В. Тимофеев, К. Баранов, А. Бейсембинов, А. Дүзелханов, к. Бекенов, Б. Табылдиев, А. Гурьев, Е. Мергенов, У. Шановтың жұмыстарымен танысуға болады.
Көрме баспа графикасы техникасында орындалған туындыларды қамтиды, оның ерекшелігі ағаш тақтада, металл пластинада немесе таста арнайы құралдардың көмегімен түпнұсқа бейнені орындау, содан кейін оны қағазға басып шығару болып табылады. Баспа графикасы өнері кітаппен, мәтінмен тікелей байланысты, оның интеграцияланған жалғасы бола отырып, оқырманға әдеби шығарманың кейіпкерлері мен сюжеттерін түсінуге және елестетуге көмектеседі.
Жаһандық әлем дәуірінде, ХХІ ғасырдың басында пайда болған визуалды және басқа да техникалық құралдардың шексіз алуан түрлілігімен қоршалған заманауи адам үшін ертегі әңгімелерінің сиқырлы өзгерістері мен ғажайыптары аңғал болып көрінуі мүмкін, кейде олар өте шынайы және таңқаларлық емес. Бірақ цифрлық ғасырдың барлық жетістіктеріне қарамастан, халық ертегісі әрқашан адамдарды өзінің шынайылығымен және даналығымен, рухани тереңдігімен, ондағы мағыналар мен ұғымдардың байлығымен тартады, бізді әрдайым шындық пен сұлулық жеңетін қиял мен армандардың ерекше және әдемі әлеміне қайта-қайта қайтарады.
Көрме 2024 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ
«Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімі