Оқиғалар

Уткин Алексейдің «Мен және жүректі мәңгілікке жаулаған қала – Алматы !» атты жеке мерейтойлық көрмесі ашылады.

2024 жылдың 16 ақпанында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Уткин Алексейдің «Мен және жүректі мәңгілікке жаулаған қала – Алматы !» атты жеке мерейтойлық көрмесі ашылады.

Суретші үнемі үздіксіз еңбектенуде, тынымсыз ізденіс үстінде. Оның мыңнан астам кескіндеме мен графикалық туындылары бар. Сүйікті жанры – қала пейзажында біз табиғаттың жоғары кәсіби шеберлікпен берілгендігін және кез-келген табиғи күйдің ішкі сезімдерімен ұштасып жатқандығын көруге болады. Суретші жазғандай, оны шығармашылықта шабыттандыратын және ынталандыратын – өмірлік жары, балалары, немерелері, Алматы қаласы мен ондағы адамдар, жалпы өмірге деген сүйіспеншілік пен жүректегі махаббат.

Қазақстанның заманауи суретшісі Уткин Алексей Федорович 1969 жылы №1 Алматы қаласының есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатын, ал 1974 жылы бүкілресейлік есту қабілеті нашар кісілер қоғамының Ленинградтағы оңалту орталығының политехникумын бітірді. Кейін, 1985 жылы  Алматы қаласындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсіп, онда еститін студенттермен тең дәрежеде білім алды. Ұзақ уақыт бойы А.Ф.Уткин есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 мектеп-интернатында бейнелеу пәні мұғалімі болып жұмыс істеді. 1995 жылы Қазақстанның есту қабілеті нашар суретшілерінің шығармашылық қауымдастығын құрып, 1997 жылы ерекше балаларға арналған изостудия ашты. Осы жылдары  «Шмель» және «Крокодил» сатиралық журналдарымен белсенді жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Рим мен Мәскеуде өткен есту қабілеті нашар суретшілердің халықаралық көрмелеріне қатысқан. Вашингтондағы «Есту қабілеті нашар адамдардың жолы II»,  «Қызғалдақ пен адам» және «Тенгри-Умай 2002» халықаралық өнер фестивальдарына  қатысты. А.Ф.Уткин – «Қала пейзажы» жанрының танымал шебері. Алексей Уткиннің жұмыстары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания, Голландия елдерінің жеке коллекцияларында лайықты орын алады.

Шебердің туындыларын тамашалап, ләззат алу үшін сіздерді көрмеге шақырамыз!

 

Көрме 2024 жылдың 10 наурызына дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі – Акилбекова А.Р.

422251827927057892268124972947004604202908n
42227617210867496323490762859452499866200907n
4195271564010988089675845822760194773604101n
41980003713679322307556184255136289749472532n
42224630410585485521009123379822524659502190n