Оқиғалар

Суретші Ирина Губаның «Түс пішіні» көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылдың 10 қаңтар айында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ирина Губаның «Түс пішіні» көрмесінің ашылуы өтеді.

Ирина Губа заманауи импрессионизмді барынша қызықты етіп көрсетеді. Көрмеге қойылған суретшінің 30-дан астам картинасы түрлі-түсті симфония мен эмоционалды импульсті бейнелейді. Пастозды және тығыз пішіндерге айналдырылған майлы кескіндеме техникасы түстің әсемдігіне бірегей ерекшелік береді.  Картиналардан таңғажайып жеңілдік, ерекше және толғандыратын әсерді сезінуге болады.

Нағыз сиқыр шығармашылық процесінде жүзеге асады. Әр сурет, мейлі ол қала пейзажы болсын, мейлі натюрморт болсын, суретшінің айтуы бойынша үш сағаттық «отырысты» қажет етеді. Бұл тек шығармашылық әрекет емес, бұл сезім мен эмоцияларды  бейне арқылы көрсету өнері. Оның жұмысы түс ойынына негізделген, суық және жылы реңктердің түйісуі идеяларын жүзеге асырудың негізгі элементтеріне айналады. Автордың шығармаларындағы сюжеттер ол үшін шабыт пен қуат көзі ретінде қызмет ететін түстің өзгергіштігімен тығыз байланысты.

Дарынды суретші және педагог Ирина Сергеевна Губа 1985 жылы Ресейдің Комсомольск-на-Амур қаласында дүниеге келген. Ол өзінің шығармашылық  жолын Қиыр Шығыс Мемлекеттік гуманитарлық университетінде бастап,  2008 жылы Бейнелеу өнері және дизайн факультетінде оқуын сәтті аяқтады. Бейнелеу өнеріне маманданып,  Ирина өз білімімен бөлісті,  Қиыр шығыс мемлекеттік гуманитарлық университетінің сәндік қолданбалы өнер кафедрасында оқытушы болды. Оның пәніне мүсін, модельдеу және академиялық сурет кірді.

Шығармашылық жолының маңызды бөлігі өзінің «Аквамарин»  кескіндеме студиясының ашылуы болды. 2014 жылы Ирина Ростов-на-Донуға көшіп, шығармашылық дамуын жалғастырды.  «Творческие люди» арт-шеберханасының, Ресей Суретшілер шығармашылық одағының және Ресей Суретшілер одағының мүшесі.

2021 жылдан бастап отбасымен Алматы қаласында тұрады, мұнда ол өзінің таңғажайып көркем тарихын жалғастырып, бізді өз туындыларымен қуантуда.

Сізді сезім мен танданысқа бөлеу үшін жасалған әрбір картина арқылы қайталанбас түстер үйлесімінің  ғажап көрінісін тамашалап, түстер үйлесімінің құштарлығымен танысуға шақырамыз. 

 

Экспозиция 2024 жылдың 4 ақпанына дейін жалғасады.

 

 

Көрме жетекшісі  - Кусаинова Бибігүл

2019-06-12-140023
2019-06-12-140107
2019-06-12-140059