«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – БАҚЫТЫМ МЕНІҢ»
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «АРТ-ШЕБЕРҒАНА» бейнелеу студиясының және «Таланттар Академиясы-KZ» Ұлттық құндылықтарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерексіне орай «Тәуелсіз елім – бақытым менің!» атты көрмесіне шақырады.
Бұл күні көрермендер сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама және «САҚА» - Танымдық және интерактивті квест ойынын (сұрақ жауап экспозиция залдарымен байланысты ойын) тамашалай алады.
Көрме өзіндік концепциясымен ерекше. Өйткені, музейдің бейнелеу студиясы 3 жастан бастап сурет салу өнеріне баулып, жалпы бейнелеу өнері саласын жан-жақты үйренуіне ықпал етеді. Студияның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің дарындылығын ояту, бірінші базалық дайындық курсын өткізу, сондай-ақ сурет өнеріне деген сүйіспеншілігін және потенциялдық талабын ашу.
Осы міндеттердің нәтижесі ретінде ұйымдастырылған көрмеде музей «Арт-шеберхана» студиясымен қатар, «Сымбат» дизайн және технологиясы академия колледжі, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернат колледжі оқушылары шығармашылық туындыларынымен қатысып отыр. Көрмеде балалар мен жасөспірімдердің 50-ден астам шығармашылық жұмыстары қойылған.
Көрмеге қатысушылардың реалистік, авангардтық, абстрактық стильдегі қайталанбас композициялық туындылар орын алады.
Балалардың ұшқыр қиялынан туған туындыларында көп жарық және қуанышты түскерге бай, сюжеттерде біздің отанымыздың сұлулығын, дала гүліне оранған шексіз жазықтар мен төбелер, тау жоталар, мәңгілік жұмбақ бейнедегі бұлтты аспанмен тіресе үндескен таулар әсерлі сезімге бөлейді
Студия тәрбиеленушілері оқу барысында кәсіби бейнелеу өнерінің қыр-сырын танып білуге және оның биік шыңына шығуға тырысады.
«Арт-шеберхана» ұстаздары музей ісінің кәсіби маманы және шығармашылықта тұлғалық қолтаңбасымен танылған суретшілер - Ғалым Оспанов, Алмат Оспанов, Гулнар Жуваниязова. Студияның ұраны – «Өнер баршаға тиесілі!» Болашақ суретшілерді тәрбиелеуде - балалардың өз бойындағы табиғи дарындылықты дамытуға, сұлулық сезімін оятуға және олар сурет өнеріне деген сүйіспеншілік арқылы өзін-өзі белсенді көрсетуге ынталандырады. Студия ұстаздары оқушыларға өнер арқылы ұлттық тарих пен мәдениетті, ата-бабаларымыздың ежелгі философиясына негізделген рухани құндылықтар туралы терең түсінуге және ұғынуға мүмкіндік жасайды.
Экспозиция 30 желтоқсанға дейін жалғасады
Өтетін күні: 16 желтоқан 2023 жыл
Мерекелік бағдарламаның басталуы:
- 10:00 «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-БАҚЫТЫМ МЕНІҢ» АТТЫ көрменің ашылу салтанаты
- 10:30 «Таланттар Академиясы-KZ» Ұлттық құндылықтарды қолдау орталығының ұйымдастырумен балалар мен жасөспірімдерің концерттік бағдалрамасы
- 12:00 «САҚА» - Танымдық және интерактивті квест ойыны (сұрақ жауап экспозиция залдарымен байланысты ойын)
- 13:30 Көрмеге қатысқан балалар мен жасөспірімдерді марапаттау рәсімі.
Көрме жетекшісі – Гүлнар Жуваниязова,
«Музей педагогикасы және жобалау қызметі» бөлімінің жетекшісі