Оқиғалар

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Жақып Тыныбекұлының «JaQut» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Жақып Тыныбекұлының «JaQut» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.

Сағат 14.30-да суретшінің шығармашылығына арналған «Құттыбек Жақып» альбомы мен «JaQut» каталогының тұсаукесері өтеді.

Көрмеде суретшінің алпыстан астам туындысы қойылған. Басты назар автордың дербес шығармашылық өнертабысы– патенттелген техникасы: теріге «ойма сурет салу» әдісіне аударылады.

Құттыбек Жақып 1961 жылы Түркістан облысы Төле би ауданының Аққұм ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, 1996 жылы – Ленинабад мемлекеттік университетін бітірген. 1987 жылдан бері КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.Құттыбек Тыныбекұлы «Құрмет» орденінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стипендиясының иегері. Ол көптеген танымал өнер қайраткерлерінің туған жері – Төлеби ауданының құрметті азаматы. Суретшіөзінің үлкен ағасы Құрасбек Тыныбековті алғашқы ұстаз ретінде тұтады.

Құттыбек Жақып теріге бедер салу арқылы өнер туындыларын жасайтын жаңа бағытты ашты. Тері суретшінің қиялымен заманауи интерьерді көріктендірер сәндік-қолданбалы өнер қажетін өтейтін, авторлық төлтума бұйымға айналды.Олармонохром түстер гаммасына бейім өң беретін палитраға ие болуымен ерекшеленеді.Суретші кей тұста қажетсіз түкті қырқып, Табиғи түктің түсі мен фактурасын өз ыңғайына пайдалана білген автор бейнелердің шынайылығын нақтылап бекіте түсті.

Құттыбек Жақып шығармашылығында көшпенділердің ежелгі мифологиясынан алынған, өмірді біртұтас та жан-жақты суреттейтін, мифологиялық образдар мен шынайы кейіпкерлермен аралас бейнеленген сюжеттер басым.Құттықбек Жақып қазақ халқының қаһармандыққа толы өткен шағын да туындыларына өзек еткен. «Жеңіс»туындысындажеңілген, аузын кере ақырып тұрған жыртқыштың үстінде тұрған, қолындағы найзасын басынан асыра ұстап тұрған әйел бейнесіндегі жеңістің қуатты да жүрекжарды бейнесімен бетпе-бет келеміз.Бұны көрген көрермен көптен күткен жеңістің қуанышына бөленеді.Жаудың жеңілгені, жаңадан басталған өмір тынысы туындының әрбір бөлшегінен байқалады.Туынды түктері ішінара ақ теріге дейін алынған алтын қоңыр түстес теріде жасалған. «Алтын адам сарбаздары», «Шайқас» туындылары қаһармандық тақырыбының жалғасы іспеттес.

Құттыбек Жақып туындыларында петроглифика тақырыбы ерекше орын алады. Картинаның бір кеңістігінен тұтас әлемді – адамдарды, жануарларды, сондай-ақ тылсым күш саналатын, мысалы, тіршілікке нәр беретін жарқыраған, айбынды Күнбейнелі Құдайдың бейнесін («Табыну» панносы) көреміз.«Құс жолы» атты тері панно композициясы ерекше түрде шешімін тапқан. Қою қара аспанда жұлдыздар жарқырап тұр. Бұралаң ақ сызықтар ғажайып шоқжұлдыздар образдарын бейнелейді. Аспанның жан-жағын халық фольклорында Жоғарғы әлемді танытатын образдар – ашық түсті құстар ұшып жүр.Тері паннолардың ерекшелігі – оның сырт жағына суретші шығыс миниатюрасы стиліндегі әдемі композициялар жасайды. Суретшінің көптеген жұмыстарытоқыма, киіз басу тәсілдері арқылы жасалған.

Құттыбек Жақып шығармашылығының маңызды қырларының бірі – өнер арқылы мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді жеткізу, насихаттау болып табылады. Оның туындылары – дәстүрлі материалдарды сәндік-қолданбалы өнердің заманауи туындыларын жасауда пайдалануға болатынын білдіретін орнықты дәйек. Құттыбек Жақып шығармашылығы Қазақстан ұлттық мәдениетінің дамуына қосылып жатқан маңызы зор үлес болып саналады.Көрмеге қош келдіңіздер!

 

Көрме 2024 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады. 

Көрме жетекшісі: Баженова Н.А.

Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің «Қазақстанның қолданбалы өнері» бөлімінің жетекшісі.

5--
4-
6------
10--
10
12-