Оқиғалар

"Қазақстанның інжу – маржаны-Ақсай скиті: Қазақстандағы бикештің алғашқы тағдыры" пленэрлік жұмыстар көрмесі.

2023 жылғы 15 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі мен «Апостол» қоғамдық қоры» «Қазақстанның інжу-маржаны – Ақсай скиті: Құдай Анасының Қазақстандағы алғашқы еншісі» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесін ұсынады.

Экспозиция Ақсай шатқалындағы әйгілі Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде орналасқан Серафимо-Феогностовская шөліндегі – бірегей скитте (монастырь) салынған 15 көркем туындыны біріктірді.

Ақсай шатқалы – Қазақстан Республикасының аумағындағы ең көрікті жерлердің бірі. Оның төменгі бөлігін жапырақты ағаштар мен бұталар толық басқан, жоғарыда арша қопалары бар, алып шырша белдеудерін жартастар алмастырады, көріністі альпі шалғындары аяқтайды. Шыңдары қар сызығынан төмен орналасқан жоталардың артында екі биік көлдер мен мұздықтар жасырылған. Мұнда 1850 метр биіктікте Қызыл Жар — Қызыл жартас шатқалының баурайында Ақсай скиті орналасқан, оны кейде Қызыл жартастағы айқыш деп те атайды.  Бұл көркем жерлерде сіз шатқалдың таңғажайып көріністерін, қар басқан шыңдарды, шыршамен көмкерілген беткейлерді және 1887 жылы орын алған ең қатты жер сілкінісінің ізі болып табылатын Ақжар үйіндісінің қалдықтарын тамашалай аласыз.

Мұнда Қазақстан өнерінің жаңадан үйреніп жүрген суретшілері мен шеберлері: Б. Досымов, Ж. Әйнекова, Н. Меңдіқұлов, А. Табиев, А. Әйнекова, Н. Баратов, А. Сеидова, А. Труспекова, Н. Асқар, К. Әзімжанова, А. Уткин, С. Собин (Хорликов), А. Үсентаева, В. Цейтлин, Г. Қайырбекова өздерінің алған пленэрлік көркем «әсерлерін» кенеп бетіне бейнелеген. Пленэр, бұл табиғатта, табиғи жарықта сурет салу техникасы, ол шығармаларды жазу үшін белгіленген шектеулі уақытты білдіреді, себебі табиғатпен жұмыс жүргізу кезінде жарық пен ауаның белсенді рөлі жоғалуы мүмкін. Пленэр суретшіге кенепте қоршаған ортадағы түстердің алуан түрлі бояуын және олардың шамалы өзгерістерін үлкен дәлдікпен көрсетуге мүмкіндік береді. Табиғат айналадағы болмысты ұғыну үшін негіз болып табылады, жарық пен ауа – өзіне тән мәнін құрайтын және таза кескіндеме шабытын беретін суретші эстетикасының іргетасын қалайды.

Көрме Қызыл-Жар тауындағы Құдай Анасының көрінуінің 110 жылдығына және Ақсай скитінің негізін қалаушылар тақуа әрі пірадар иеромонахтар Серафим мен Феогностты канонизациялауға (әулиелер қатарына жатқызылуына) байланысты 30 жыл толуына орайластырылған. Азаматтық соғыс жылдарындағы сенімі үшін азапты өлімге душар болған бұл әулиелер Қазақстанның көктегі қамқоршысы ретінде құрметтеледі.

«Скит туралы сөз қозғалған кезде оның Қазақстан үшін ерекше рухани маңызын атап өткен жөн. Ақсай шөлінің орнын Құдай Анасы – Аса Қасиетті Мәриям тылысым күштің әсерімен көрсеткен. Болашақ шіркеудің орналасқан жерін таңдаған кезде иеромонах Серафим мен Феогност Құдайға айрықша назармен дұға жасаған. Сол сәтте ғажайып құбылыс орын алды – монахтарға Иеміз Иса Мәсіхтің анасы көрінген. Ол пірадарларға скитті қайда орналастыру керектігін көрсетті».

Құдай Анасының көрінуі – бұл өте сирек кездесетін және ерекше оқиға, және бұл оқиға орын алған жер Құдай Анасының еншісі (жеке иелігі) болып саналады. Әлемде бұндай бірнеше орын белгілі – Қасиетті жер (Израиль), Афон тауы (Греция) және Серафимо-Дивеев монастыры (Ресей). Құдай Анасының көріну оқиғасымен дәріптелген қасиетті Ақсай шөлі – бұл Құдай Анасының Қазақстандағы алғашқы және жалғыз еншісі – оның жеке қамқорлығындағы орыны болып табылады, бұнда Құдай мен Аса Қасиетті Мәриям діндарлардың шын жүріктен айтылған дұғаларын ерекше түрде естіп, орындайды.

Серафим-Феогносттың Ақсай шөлі – барлық қазақстандықтар үшін қасиетті орын екені анық. Ол жерге жасалған ғибадат адамның рухани тұрғыдан өрлеуіне көмектеседі және барлық дәстүрлі діндердің өкілдері қатыгез қуғын-сүргінге ұшыраған заманның қайғылы оқиғаларын терең түсінуге ықпал етеді» – деп атап өтті «Апостол» қоғамдық қорының президенті Г.Сосновский.

Көрме 2023 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады. 

Көрме жетекшісі- Виолетта Вологодская,  "Шетел өнері" бөлімінің жетекшісі.

WhatsApp-Image