Оқиғалар

«Киіз. Felt. Keçe. Войлок.» атты кең ауқымды халықаралық фестивалі

2022 жылғы қараша айының 7-16 күндері аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен American Space & MakerSpace мәдени орталығында «Киіз. Felt. Keçe. Войлок.» атты кең ауқымды халықаралық фестивалі өтеді.

 

  Халықаралық фестиваль аясында, 2022 жылғы қараша айының 8-ші жұлдызынан 16-сы күндері аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде "ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың өмірі мен қолөнері " фотокөрмесі мен "Өнер. Киіз басу" атты көрмесі өтеді.

Киіз – бұл номадтар ойлап тапқан тоқыма емес матаның ең көне түрі, олар үшін қасиетті мәнге ие болды. Ол өмірдің алғашқы сәттерінен бастап көшпенділер тұрмысымен қатар жүрді. Дәстүрлі тұрғын үй – киіз үй сыртын тығыз ақ киізбен жауып, ал оның ішіне түрлі-түсті ою-өрнекті киіз кілемдер, текеметтер мен сырмақтар төсеген. Жаңадан дүниеге келген нәрестені жұқа және жылы киіз жаялыққа ораған. Киізден киім, бас киім, түрлі сөмкелер мен үй заттарына, ыдыс-аяққа арналған тыстар жасалды. Жаңа сайланған билеушінің жоғары мәртебесін жариялай отырып, ол ақ киізде жерден жоғары көтерілді. Адамды ақ киізге орап, соңғы сапарға шығарып салды, осылайша ақ түстің терең символизмін – қасиеттілік, тазалық пен даналығын білдірді.

Киіз – ауа-райынан қорғайтын, жылу мен суықтан сақтайтын, шуды оқшаулайтын және бактерицидтік қасиеттері бар әмбебап материал. Алайда киелілігінен бөлек, осы пластикалық материалдан жасалған бұйымдар шынайы және жарқын өнер туындыларына айналып, әлемге өзінің сұлулығын сыйлайды. Бұған сіз халықаралық «Киіз. Felt. Keçe. Войлок.» фестивалінде көз жеткізе аласыз.

Фестиваль аясында көптеген іс-шаралар өтеді:

*   Әлемдегі киізден жасалатын өнер туындыларын жасаушы, ең танымал суретшілерінің бірі – Дженис Арнольдтың (АҚШ) "Жыл мезгілдері" атты иммерсивті инсталляциясы, киіз заттар көрмесі;

* XIX-ХХ ғасырдың басындағы қазақ қолөнершілерінің мұрағаттық фотосуреттерінің фотокөрмесі;

*    Қазақтың дәстүрлі тоқыма бұйымдары мен ою-өрнектерінің көрмесі;

*  ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра сарапшыларының, шетелдік және қазақ суретшілері мен киіз шеберлерінің қатысуымен киіз бойынша семинар;

*   Үздік шетелдік ( Венгриядан Михайло Ветра, Түркиядан Салих Гергич) және қазақстандық шеберлер оқытатын киізден үш шеберлік сабағы;

•     2022 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде "Киізге арналған әнұран" атты салтанатты рәсімі өтеді. Және киізден жасалған сәнді киім топтамалары көрсетіледі. Сіздер бұл коллекциялардан: Әсел Хайрулла, Әуэс Сағынаева, Айжан Бекқұлова, Ұлболсын Дәуленова, Лариса Агеева топтамаларын көре аласыздар;

*     Сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі.

 

Фестиваль тәжірибелі қолөнершілерден білімді жастарға дәстүрлі білім берудің символдық рәсімімен аяқталады.

Фестивальді Қазақстан қолөнершілер одағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізеді.

Көрме 2022 жылдың 16 қарашасына дейін жалғасады.

Қосымша сұрақтар бойынша хабарласуыңызға болады:

Наталья Вшивцева +7 701 750 2156

Асель Шалахметова +7 777 203 0093

Көрме кураторы – Ғалия Әли

Фестиваль бағдарламасы