Оқиғалар

Халықаралық ғылыми конференция ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРТАНУ МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Халықаралық ғылыми конференция

ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРТАНУ МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХИ-ТЕОРИЯЛЫҚ

ПРОБЛЕМАЛАРЫ

(Е.Б. Вандровскаяның туғанына 100 жыл толуына арналған)

Құрметті әріптестер!

Сіздерді AICA Қазақстан Республикасының Ұлттық секциясы ұйымдастырған Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция өзекті көркем сын мен оның проблемаларын зерттеуге, сонымен қатар еліміздегі өнертану мектебінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан алғашқы өнертанушылардың бірі Елена Борисовна Вандровскаяның туғанына 100 жыл толуына арналады. Ол өнертанудың мәртебесін тиісті биіктікке көтерген өнер теоретигі, тарихшысы, сыншысы және музей қызметкері әрі оқытушы болды. Т.Г. Шевченко атындағы галереяда 22 жыл (1953-1975) қызмет етті. Бас қор сақтаушы қызметінде жүріп, ол музей экспонаттарын есепке алуды құжаттау жүйесін ретке келтірді. Е.Б. Вандровская 1960 жылдан галереяда ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, ауқымды зерттеу және дәріптеу-тарату жұмыстарын жүргізеді, туындыларды атрибуциялау және талдау жұмысын жаңа ғылыми деңгейге қойды. Онан кейін Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді. Вандровская Елена Борисовна көркемсурет сыншысы, өнер тарихшысы, музей қызметкері ретінде Қазақстан өнертану ілімінің басы-қасында болды. Ол қазақстандық суретшілердің шығармашылығына алғашқылардың бірі болып ден қойды.

Кәсіби бейнелеу өнерінің, республикадағы көркемсурет мектебінің тарихы ХХ ғасырдың 20 жылдарынан, ал кәсіби өнертану ілімінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастау алады. 

Конференция 2022 ж. 21 қазанда сағат 10.00-18.00 Алматыда

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді,

Алматы, Қазақстан 

Конференцияның тақырыбы Е.Б. Вандровскаяның жеке тұлғасына, сондай-ақ ХХ-ХХІ ғасырлардағы отандық өнертану мәселелеріне арналған баяндамалар мен хабарламаларды қосуды ұйғарады.

Конференцияның бағыттары келесі тақырыптарды қамтуды қарастырады:

  • Жаңа Қазақстанның өнертануы: дәстүрлер мен жаңашылдықтар.
  • Қазақстандағы өнертану, өнер теориясы мен тарихы. Тарихи ретроспектива.
  • Көркем сын: проблемалар және перспективалар
  • Қазақстандағы музей ғылымы: тәжірибе және перспективалар.
  • Қазақстан Республикасындағы музей ғылымының қалыптасу және даму сатылары. 

Конференцияның мақсаты – академиялық өнертану мектебінің тарихы мен теориясына байланысты мәселелерді айқындауда Қазақстан өнертануын тарихи динамикадағы және оның көріністерінің алуан түрлілігіндегі біртұтас құбылыс ретінде көрсету.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдеріңізді 2022 ж. 15 қыркүйекке дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз. Баяндаманың тақырыбы мен аннотоацияны қамтитын өтінімде (1000 таңбаға дейін) баяндамашының тегі, аты, әкесінің аты, оның қызмет орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы, мекенжайы мен телефоны көрсетілуі керек.

Сөз сөйлеу регламенті (тәртібі) – 20 минутқа дейін

Конференция материалдары негізінде мақалалар жинағын басып шығару жоспарда бар.

Конференция өтетін жерге келу және қонақ үйде тұру ақысы жіберуші Тараптың есебінен төленеді.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін баяндамаларды қарамауға құқылы.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті:

Мұқажанова Күлжазира Жұмаділқызы, AICA Ұлттық секциясының президенті, Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ «Қазақстан бейнелеу өнері бөлімінің» жетекшісі

Ким Елизавета Михайловна, өнертанушы, AICA Ұлттық секциясының мүшесі

Ли Камила Витальевна, өнертанушы, AICA Ұлттық секциясының мүшесі, ҚР СО хатшысы

Резникова Екатерина Ильинична, өнертану кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, AICA Ұлттық секциясының мүшесі, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ ғылыми хатшысы

Оразқұлова Қалдыгүл Серікқызы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, өнертанушы, AICA Ұлттық секциясының мүшесі, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі.

 

Е.Б. Вандровскаяның туғанына 100 жыл толуына арналған

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның

жұмысына қатысуға

өтінім

 (Алматы, 21 қазан 2022 ж.) 

Тегі, аты, әкесінің аты:

 

Қала:

 

 

Ұйымның, бөлімшенің атауы:

 

Атқаратын лауазымы:

 

Ғылыми дәрежесі:

 

Баяндаманың атауы:

 

Байланыс телефоны

 

Пошталық мекенжайы:

 

Электрондық поштасының мекенжайы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Редакцияланған мәтін Word, Times New Roman мәтіндік редакторында орындалады, қаріп 14, тасымалсыз, жол аралығы – 1, жиектері – 2,0. Мәтін көлемі 8 беттен аспауы тиіс. Мәтінге жалпы саны 6-дан аспайтын иллюстрация қосуға болады.

Парақтың оң жақтағы жоғарғы бөлігінде – ТАӘ (толығымен), қызмет орны, атағы, ғылыми дәрежесі. Баяндаманың атауы дәл ортасында жазылады. Мақала резюмесі негізгі мәтін тілінде жазылуы тиіс (100 сөзге дейін). Соңына жазылатын сілтемелер дереккөз бен беттің реттік нөмірі арқылы көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер сілтемелерді рәсімдеуге бекітілген талаптарға сәйкес мәтіннің соңына орналастырылады.

 Өтінімдер мен сөйлейтін сөздердің мәтіндері электрондық тасымалдаушымен 2022 ж. 25 қыркүйекке дейін мына мекенжайға жіберілуі керек: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..