Оқиғалар

Балхия МҰХАМЕДЖАНОВАНЫҢ «Жүкті Муренаның ертегілері» атты жеке көрмесі

2022 жылы 22 қыркүйекте сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Балхия МҰХАМЕДЖАНОВАНЫҢ «Жүкті Муренаның ертегілері» атты жеке көрмесі ашылады.

Көрме «Жүкті Муренаның ертегілері» деп аталуының өзіндік себебі бар. Өйткені, Балхия ертеректегі жазған туындысымен байланыстырып, осыған дейінгі басқа жеке көрмелерін екі рет «Жүкті Мурена» деп атаған болатын. Бұл сөз тіркесі суретшінің псевдониміне айналды және замандастары арасында осы атаумен айқындала бастады. Яғни, суретші қазақ халқының ертегілерін бейнелеу тілінде баяндаушы.

Экспозицияда 50 жуық акварельдік және кескіндемелік туындылар қойылған. 2021 жылы жазылған шағын акварельдік парақтардың басым бөлігінде қазақ халқының балаларға арналған, қысқа мәтінді жан-жануарлар туралы ертегілері бейнеленді. Соның ішінде: «Қарға мен тасбақа», «Құрбақа мен кірпі», «Тырнаның айласы», «Түлкі мен қоян», «Бөгелек» т.б. «Қошқар мен Теке» атты ертегінің мазмұны көлемді болғандықтан, иллюстрацияларды көбірек жасаған. Балхияның бұл композицияларының ерекшелігі, тек қасқырлар мен басқа да жануарларды бейнелеуде емес, оларды дәстүрлі ұлттық дүниетанымның призмасы арқылы қасиетті мағыналардың, ежелгі тотемдердің тасымалдаушысы ретінде қабылдайды, олар адамды зұлым рухтардан қорғаушы, күш белгісі, құнарлылық және адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруінің белгісі деп таниды. Бұл суреттер түс схемасының нәзіктігімен, жазудың қарапайымдылығымен, суреттердің экспрессивтілігімен ерекшеленеді. Көркем иллюстрациялар түстік реңдердің нәзіктігімен, бояулардың жеңіл жазылуымен және жиектер мен штрихтардың контарстты жазылуымен көзге түседі. Автордың пейзаждарынан даланың кең тынысты ауасын, ауыспалы көңіл-күйін сезуге болады. Дымқыл таршун қағазға жайылған нәзік мөлдір бояулар қалың бұлттарға ұласқан, тұманды тауларға айналған, көгілдір өзенмен еркін жалғасып, шалғынды жермен үйлескен.

Б. Мұхмеджанова кескіндемелік жұмыстарын жаратылыстың тылсым мағыналарына арнаған. Айталық: «Зигота» 2014, «Іштегі көбелектер» 2016, «Ұмай» 2018, Автопортрет» 2021, т.б. Бұл композицияларда шындық пен кеңістікті метафизикалық түсіну басым. Автор бұл шығармаларда өз сезімдерін символикалық белгілермен, немесе абстрактты тілмен жеткізеді. Композицияларда шеңбер іспеттес формалық шешімдер бар. Хаосты реттейтін шеңберлердің көмегімен суретші жаңа өмірдің пайда болуын, туылу мен жасампаздықтың шексіз актісін бейнелейтін әйелдік идеясын білдіруге тырысады. Көрмеде ұсынылған Балхия Мұхамеджанованың барлық туындыларының лейтмотиві өзінің тотемдік гипостазына – «Жүкті Муренаға» айналатын жүкті әйелдің бейнесі екендігі кездейсоқ емес. Ертеректегі жұмыстарының бірі «Ашулы балық» 1994, автордың айтуынша, өзінің ішкі болмысы мен мінезін айқындаушы болып табылады. Алайда, композицияның жоғарыда айтылған кескіндемелермен өзара қызықты байланысын табуға болады. Мұхиттың тереңінде жүзіп жүрген бұл балық-бұл" жүкті морей жыланы", оның жемісі кішкентай балық түрінде реинкарнация мен туылудың шексіз процесін, Құдайдың жаратылысы ретінде өмірді айналдыруды білдіреді. Әрине табиғат заңдылығы бойынша балықтар ұрық шашатыны айдан анық, бірақ автор өз идеясын айқындау үшін аллегориялық тәсілмен сипаттайды.

Балхия Мұхамеджанова 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА тұсындағы Республикалық өнер колледжінде, С. Масловтың жетекшілігімен кескіндеме мамандығын бітірген. 2011 жылы Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-да профессор М. Жүнісбаевтың шығармашылық шеберханасында мүсін мамандығын тәмамдайды. Балхия көптеген өңірлік, республикалық, халықаралық көрмелердің қатысушысы. Суретші Алматы қаласында бірнеше жеке көрмесін жасап үлгерген. Атап айтсақ: «Жүкті Мурена» («Ұмай» галереясы 2005), «Қыз армандары» («LifeDeco» галереясы, 2016), «Жүкті Мурена-2» суреттері мен инсталляциялар («Serik Booxikov workshop» галереясы, 2014), «Жанымның ырғақтары» («Art perkrestok» галереясы, 2018), «Балхия Мұхамеджанованың вернисажы» («AlaSpace» өнер кеңістігіндегі 2020).

Экспозицияны қазан айының 20-на дейін тамашалауға болады.

Көрме жетекшісі - С.К. Мырзабекова

img075
img074
3