Оқиғалар

Нысанбаев Марланның 65 жылдығына арналған «ӨНЕРГЕ ТОЛЫ ӨМІР» атты мерейтойлық көрмесі

2022 жылдың 12 наурызында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық Көрме Залында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақ Өнерінің қайраткері, Амбассадор-Еуразиялық гильдия бейнелеу өнері сараптамалық кеңесінің төрағасы, Аркади Безруков атындағы және Айтматов оқулығы атындағы сыйлықтың лаураты, белгілі график-суретші Нысанбаев Марланның 65 жылдығына арналған «ӨНЕРГЕ ТОЛЫ ӨМІР» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Экспозицияда суретшінің 45-тен астам кескіндеме және графикалық туындылары көрмеленген.

Әрбір өнер тұлғасының өз шығармашылық тарихы бар. Нысанбаев Марлан Кеңесұлының тағдырға тік қарайтын, жалпы пенделік тауқыметке мойынсынбайтын жандардың бірі. Өткенді артқа тастап, бүгінгі ақиқаттың тізгінін ұстап өз шығармашылығын жалғастырып келеді. Суретшінің шығармашылық ізденісі - белгілі бір дүниетанымдық ұстанымы мен оны түсінуі айқындалады. Негізінде суретшінің кескіндеме және график туындыларында шынайлылық, лирикалық және романтикалық сезім басым. Айталық, «Жер беті сериясынан» (1982), «Саятшылық» Сақманда (2018), «Архарлы асуы» (2019), «Таудағы демалыс» (2019), «Қимасар шатқалында күннің батуы» (2020), «Сары-Арқа» (2021), «Жел өткелі» (2021), «Бозжыра» (2021), «Таң сәріде» (2022), «Түнгі көл» (2022) және тағы басқа пейзаж туындылары «уақыт пен кеңістік», «кеңістік пен форма» аспектісінде берілген тақырыптық композициялары кескінделуіне қарай мәнері келісімін тапса, ал әрбір жанрлық туындыларындағы түр-түс иірімі бірдей орын алады. Суретшінің туындыларынан – оның табиғаттың тылсым болмысын, ондағы тіршіліктің рухын бейнелеуде өзіне қуат алатынын байқаймыз.

Марлен Кеңесұлының 1982 жж Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, 1988 ж. Абай атындағы ҚазПИ-дің көркем-график мамандығын алып шықты. 1982-1989 жж. Алматы қаласының Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде ұстаздық міндеттін атқарды. Суретші 1983 жылдан бастап республикалық, қалалық және халықаралық көрмелерде ерекше қайталанбас шығармашылық туындыларымен қатысып келеді.

Суретшінің туындылары  Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Болгария, Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания коллекционерлердің қорынан орын алады.

 Көрме жетекшісі: Жуваниязова Гүлнар Қуандыққызы

IMG-20190922-WA0009
IMG-20190922-WA0008
IMG-20220201-WA0004
K1024666666
IMG-20220302-WA0041
--2018--10080
-----4060-2021