2021 жылдың 26 қарашадан бастап, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің Орталық Көрме залында (Желтоқсан к.137) Шыңғыс Ноғайбаевтың «Көшпенділер философиясы» атты жеке көрмесі ашылады.
БАҚ өкілдері үшін 25 қараша күні сағат 16:00-де баспасөз-туры өтеді.
Экспозицияға автордың 40 шақты туындысы қойылған.
Шыңғыс Ноғайбаевтың туындыларының сюжетінде бір суреттен екінші суретке көшіп жүрген образдар, кескіндемеде өмір сүретін адамдар табиғатпен және жануарлармен үйлесім тапқан. Шыңғыс қоғам бір жағынан шындықтан жырақ өзінің «ортасын» жасайды, өйткені автор бізді белгілі бір қаланың немесе елдің тиесілілігіне бағыттай алатын «сөйлейтін» бөлшектерді бейнелеуге тырыспайды.
Бірақ, бұл «Ноғайбаев» дүниетанымы арқылы құдіретті туындылардың үйлесімді өмір сүруі болғандықтан, ерекше экожүйе айқын байқалады. Біз бұл адамдарды өмірімізде кездестіре аламыз, бірақ өте сирек кездестіреміз, немесе мүлдем кездестірмейтін де шығармыз. Олар дәл бір шебер қиялының шөлді әлемдерінде жаратылғандай.
Автордың графикалық жұмыстары нобай түрінде жазылған. Автор әр жұмысында сюжеттің құпия мағыналарының пердесін түріп беретін қолтаңба жасайды. Нақ бір театр сахнасының шымылдығы Шыңғыс Ноғайбаевтың ойлау ерекшелігін ашып бергендей болады.
Суретшінің шығармашылығынан «театр сезімін» байқамай кету мүмкін емес. Актерлар отбасында дүниеге келген ол театр өмірінің атмосферасын өз кескіндемесіне көшіріп апарады. Шыңғыс Ыдырысұлы қағаз бетіне түсірген сәттер сол сәттің көрінісін дәл берген. Сюжеттер баяндау сипатында болғанымен, автордың астарлы әзіл-оспағын баса көрсететін иронияға толы.
Оның шығармаларының кейіпкерлері жұмбақ пен жырақтыққа толы. Ноғайбаевқа көшпелілер дәл осылай көрінеді. Автор осылайша өз жұмыстарында көшпенлелердің ұстанымын аша отырып, олардың образдары мен ой-саналары көшіп жүрген жекелеген әлемдерді тудырады.
Шыңғыс Ыдырысұлы Ноғайбаев 1965 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 1984 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірді. 1993 жылы В.И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік академиялық көркемсурет институтының театр бөлімінде М.М. Курилко-Рюминнің шеберханасында оқып, тәмамдады.
Көрмені 2021 жылдың 5 желтоқсанына дейін тамашалауға болады.