Оқиғалар

Көрме ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады

2021 жылдың 12 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының 2021 жылдың республикалық есептік көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

2021 жылдың республикалық есептік көрмесі Қазақстан суретшілерінің соңғы екі жылда орындаған туындыларын ұсынады. Экспозицияда 200-ге жуық туындылар қойылған және оның барлығы бірінші рет қойылып отыр. ҚР Суретшілер одағының Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Семей қалаларындағы бөлімшелері және сондай-ақ Алматы қаласы қатысуда. Экспозицияның бір бөлігін 2021 жылы күзде Алматыда өткен қалалық пленэр кезінде орындалған жұмыстар енгізілген видеоқатар алған.

Тарих пен қазіргі заманның маңызды тақырыптарына арналған композициялық жанр көрмеде басымдық алды. 2020 жыл еліміз үшін аса маңызы бар Алтын Орданың 750 жылдығы, Абайдың 150 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы сияқты мерейтойлық даталарға толы болды. 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігің 30 жылдығы аталып өтеді. Бұл оқиғалар суретшілердің жұмысында көрініс тапты. Кейбір авторлар осы екі жылда адамзат баласы бастан кешіріп жатқан және оның одан әрі дамуына ұмытылмас әсер еткен, әлі күнге жалғасып келе жатқан Дүниежүзілік пандемия тақырыбына бет бұрды.

Көрмеге көркем шығармашылықтың барлық түрі қойылған. Көрмені талқылау үшін оның жұмысы кезінде авторлардың, мәдениеттанушылардың, өнертанушылардың, журналистердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі, онда Қазақстанда бейнелеу өнерін одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

Көрме желтоқсан айының 12-не дейін жалғасады.

ҚР Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті

30-let-rk-002
30-let-rk-001
30-let-rk-003
30-let-rk-004
30-let-rk-005
30-let-rk-006
30-let-rk-007
30-let-rk-008
30-let-rk-009
30-let-rk-010