Виртуалды көрменің мақсаты – Қазақстанның табиғи мұрасын танымал ету.
Көрме Республикалық Арт-симпозиум аясында ұйымдастырылады. Көрмеге Алматы, Астана, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Семей, және Қызылорда қалаларынан 35 суретші қатысады. Олар авторлық жұмыстарын ұсынып отыр.
Аталған көрмеге Іле Алатауы маңында өткен пленэр кезінде жазылған 80-нен астам көркем туынды қойылды.
Сан алуан стиль, түстердің молдығы... Кейбір туындылар өзінің шынайылығымен және ең ұсақ бөлшектерімен таң қалдырса, басқа туындылар көрерменді басқа өлшемге апарады. Әр автордың өзіне тән көркемдік стилі, өзіндік көзқарасы және әдемі тәсілі бар.
Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министірлігі мен «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Шығармалардың түпнұсқалары Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында орналасқан
https://www.artsteps.com/view/6357caff66dd51fc4b199ac6?currentUser