Сіздерді «Қазақстандағы кескіндеменің классикадан авангардқа дейінгі эволюциясы» дәрісіне шақырамыз.
2024 жылдың 5 қарашасында 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Мәлік Қайдаровтың «Менің жанымның бояулары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда әр жылдардағы 30-дан астам көркем және графикалық шығармалар ұсынылады.
Мәлік Қайдаров - кескіндемеші, жанрлық туындылар суретшісі, қайталанбас көркемдік әлемін қамтитын аяқталған композицияларды жасай білетін портретші шебер. Экспозицияда шебердің көпфигуралы кескіндеме туындыларын жасауға ойластырылған көзқарасын айғақтайтын әр жылдардағы туындылар мен нобайлар ұсынылған. Шебер түрлі әдістерді - қарындаштың жұмсақтығы, тушь сызықтарының жылдамдығы, пастельдің түс қанықтығын көрсете отырып, ашық әрекет арқылы лезде іс-қимылмен сәтті бекітуге қол жеткізеді.
2024 жылғы 29 қазан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында суретші ТЕМЕРЛАН НҰРТАЗИНДІ (1974-2022) еске алуға арналған көрме өтеді.
Экспозицияда суретшінің 40 шығармасы ұсынылған. Бұл көрмені суретшінің анасы Сания Шайхина және ағасы мен туған ұлы ұйымдастырды. Олардың мақсаты суретшіні есте қалдырып, оның өмір жолын елдің есінде мейлінше ұзақ сақтау. Себебі, Темерлан өз іс-әрекетімен анасы мен туыстарының өмірге деген құштарлығын оята білді. Жалпы, адам баласы ол туралы естелік бар кезде мәңгі тірі болмақ!
2024 жылдың 30 қазан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Мәлік Қайдаров және оның шәкірттерінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Дара жол» атты көрменің ашылуы болады.
Көрмеге Мәлік Қайдаровпен қатар 12 суретші қатысып, экспозицияға 60 астам туынды ұсынылды. Олар: Ерлан Сейілхан, Сұлтан Аманжол, Ернат Иманбакиев, Айдос Сейдақұл, Маржан Авдылманапова, Балнар Абиолла, Қанат Алманбетов, Ырысгүл Оханова, Элена Фурса, Руслан Дайырбеков, Дидар Кайдаров, Талғат Жанасылов.