2025 жылдың 18 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында №46 гимназияның КММ «Әлем – балалар көзімен» атты есептік көрмесі ашылады.
«Әлем – балалар көзімен» арт-жобасы балалардың қоршаған әлемді қабылдауын кескіндеме, графика және сәндік - қолданбалы өнер арқылы көрсетеді. Көрме 6-10 жас аралығындағы жас суретшілердің шығармашылық жұмыстарын біріктіріп, көрермендерді әлемді жарқын, шынайы, қиял мен үмітке толы балалар көзімен көруге шақырады. Экспозиция тақырыбы – табиғатты, достықты, отбасын, балалардың армандарын қамтиды. Көрмеге акварель техникасымен, түрлі-түсті бояулармен және қарындаштармен орындалған 70-тен астам шығарма қойылады.
Арт-жобаның жетекшілері Уразбекова Жанна Роланқызы мен Озджан Айман Жарқынбайқызы кәсіби суретші бола отырып, бейнелеу өнері саласындағы өз білімдері мен тәжірибелерін барлық оқушыларға жеткізуге тырысады. Олар бірге кескіндеме, графика және композициямен айналысады. Қолайлы жағдайлар жасалған кезде, әртүрлі материалдардың кең таңдауының арқасында балалардың шығармашылық әлеуеті ерекше ашылады.
Оқытушылардың мақсаты - балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау, көркем ойлауды дамыту және қазіргі қоғамда олардың талғамына назар аудару.
Балалар шығармашылығы ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Өйткені, балалардың әлемге деген айтары мол...
Балалардың көрмеге қатысуы - мектептің ерекше мақтанышы, өйткені көрме балалар мен ересектер арасындағы жақсы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Көрмеде балалар өздерінің шығармашылық жетістіктерінің нәтижелерін көрсетсе, ал ата-аналар мен ұстаздар өскелең ұрпақ үшін шын жүректен қуанары анық.
Баршаңызды бізбен бірге сұлулық мерекесін тамашалуға шақырамыз!
Көрме 2025 - жылдың 25- сәуіріне дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00-19:00. Демалыс күні: дүйсенбі.
Көрме кураторы: Тимур Шарипов