Оқиғалар

ҚР Суретшілер одағының халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаилованың 95 жылдығына арналған «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» атты Республикалық есептік көрмесі ашылады.

2024 жылдың 29 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаилованың 95 жылдығына арналған  «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» атты

Республикалық есептік көрмесі ашылады.

 

Көрмеде 200-ден астам кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер саласы бойынша қазақстандық суретшілердің шығармашылық туындылары ұсынылады. Республикалық көрмеге Алматы, Алматы облысы, Астана, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Түркістан, Шымкент өңірінен 150-ге жуық суретшілер қатысып отыр.

Қазақстан суретшілері маңызы мен мәні жоғалмаған қазақ бейнелеу өнері қай заман болса да ұлттық қасиеттің болмысын, ондағы дүниетанымдық дәстүрлі көзқарасты сақтап келеді. Қазақ бейнелеу өнерінің өркен жайып, әлемдік өнердің аренасында ұлттық тілмен танылуымызға суретшілеріміздің сіңірген ерен еңбегі орасан деп білеміз. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін, өзіндік жеке тұлғалық қолтаңбасымен өнер тарихында із қалдырған саңлақтардың мерейтойларына орай  көрмені ұйымдастырудың негізгі міндеттері:   

- Бүгінгі таңда ХХІ ғасырдың суретшілері ұлттық өнер мектебінің дамуына қандай үлес қосуда;

- Қазіргі таңдағы қоғам өміріндегі коммерциялық құрамдас бөліктен арылу және жаңа міндеттерді ашу, өзекті пластикалық идеяларды қалыптастыру;

- Адам мен қоғам арасындағы өзіндік дамуының жаңа тарихи кезеңіне шығу маңыздылығы.

Осы тұста, аталмыш көрменің тұжырымдамасына сәйкес, суретшілер шығармашылығындағы туындыларда уақыт пен кеңістік ағымының ақиқаты, ұлттық рухтың тынысы, елдің мақсат-мұраты баяндалады. Экспозицияда көрермен түрлі жанрда әр қырынан көрініс тапқан, композициялық және колориттік шешімде, креативті ой-тұжырымда айқындалған динамикалық үндестік пен өзара тұтас, терең мағыналы туындылардың куәсі бола алады.

Көрме желтоқсан айының 13 дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі – Гүлнар Жуваниязова