Оқиғалар

«Құттыбек Жақып шығармашылығындағы дәстүрлер мен жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

2024 жылдың 10 қаңтарында сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Құттыбек Жақып шығармашылығындағы дәстүрлер мен жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

 

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Тыныбекұлы Жақыптың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «JaQut» атты жеке көрмесі аясында өткізілуде.

 

Спикерлер:

 

  1. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары - Кобжанова Светлана Жұмасұлтанқызы.
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, өнертанушы - Камилла Виталиевна Ли.
  3. Өнертану ғылымының кандидаты, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің ғылыми хатшысы - Резникова Екатерина Ильинична
  4. Өнертанушы, PhD докторы – Еспенова Айгерім Тұрсынқызы
  5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, суретшінің досы әрі тәлімгері - Рустамов Насыр Әшілұлы.

 

Жүргізуші: Наталия Александровна Баженова – Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің «Қазақстанның қолданбалы өнері» бөлімінің жетекшісі.

 

Құттыбек Жақып 1961 жылы Түркістан облысы Төле би ауданының Аққұм ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, 1996 жылы – Ленинабад мемлекеттік университетін бітірген. 1987 жылдан бері КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Құттыбек Тыныбекұлы «Құрмет» орденінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стипендиясының иегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Құттыбек Жақып теріге бедер салу арқылы өнер туындыларын жасайтын жаңа бағытты ашты. Құттыбек Жақып шығармашылығы Қазақстанның ұлттық мәдениетінің дамуына қосып жатқан үлесі зор болып табылады.

 

Барлығыңызды дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз!