Оқиғалар

Суретшіні еске алуға арналған «Валерий Приходьконың метаморфозалары» көрмесі.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылғы 16 маусымда сағат 16:00-де суретшіні еске алуға арналған «Валерий Приходьконың метаморфозалары» көрмесі ашылады.

 

Көрмені Нагим-Бек Нұрмұхамедов атындағы  Павлодар өнер музейі ұйымдастырып отыр және павлодарлық суретші В. Приходьконың рухына арналады. Экспозицияда суретшінің 55 туындысы қойылған.

Валерий Приходько – ерекше эмоционалды сезімталдыққа ие жарқын қиялдағы суретші. Қаламгердің шығармашылық өмірбаянында зергерлік өнерге деген құштарлығы бар, алған білімі бойынша, ол монументалды жұмыстармен айналысып, белгілі бір шеберлікке қол жеткізген витражды композициялар да жасады. Көп жылдарын станок және кітап графикасына арнады, содай-ақ офортпен, линогравюрамен әуестенді, суретші үшін сурет әрқашан оның көркемдік жүйесінде негізгі іргетасы болып қала берді.

Қаламгер Қазақстан өнерінде өзіне тән ішкі ойы мен сезімін еркін жеткізе алатын өзіндік бағытын қалыптастырды. Ол экзистенциализмдегі сияқты адамның болмысын иррационалдық деп жариялайтын өзінің фәлсафасын құрды. Оның шығармаларында адамның терең эмоционалдық-рухани паш етілетін психологиялық жағдай суреттеледі. Оның кенептерінің бетінде пайда болатын ғажайып әлем бастапқыда оғаш көрінгенімен, одан сиқырлы әрі жұмбақ дүниелердің тынысы есіп тұрады. Суретші кейіпкерлердің азды-көпті сан алуан ортасын құрып, пластикалық пішіндерді шеберлікпен игерген және көрермендерді өзінің тосын бейнесімен қызықтыратын, баурап алатын өзге қайталанбас әлемді бейнелейді. «Эдип сыры», «Сағымдар», «Метаморфозалар», «Дәруіштер ханшайымы», «Үш періште», «Азия жыланы» шығармаларының атаулары да бұның айқын дәлелі.

Приходько Валерий Михайлович 1949 жылы 21 ақпанда Мурманск қаласында дүниеге келген. 1970 жылы Красносельск металдарды көркем өңдеу училищесін бітірген. 1981 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, сонымен қатар Қоғамдық қор Өнер академиясының мүшесі болды. Республикалық, халықаралық, топтық көрмелерге қатысты. Бірқатар жеке көрмелерін өткізген тұлға.

Суретшінің туындылары Ә. Қастеев атындағы  ҚР Мемлекеттік өнер музейінің, Нагим-Бек Нұрмұхамедов атындағы  Павлодар өнер музейінің, Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Бейнелеу өнері музейінің,  Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің Көркем көрмелер дирекциясының (Мәскеу) қорларында және Қазақстан, Ресей, Литва, Моңғолия, Германия, Польша, Румыния, Вьетнам, Франция, АҚШ-тағы жеке топтамаларында сақтаулы.

Көрме шілде айының 14-не дейін жалғасады.

 

-2000-2
---1999-1
-3