Оқиғалар

«Таңбалы» қорық-музейінің фотокөрмесі

22-25 мамыр аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таңбалы» қорық-музейінің фотокөрмесі өтеді.

24 мамыр күні сағат 11:00, 14:00, 16:00-де көрме бойынша экскурсия жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1052 Қаулысымен 2003 жылдың қазан айының 14 жұлдызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  Мәдениет комитеті «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» Республикалық Мемлекеттік мекемесі құрылды.

2004 жылы «Таңбалы» археологиялық кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне тіркелген.

«Таңбалы» қорық-музейі Қазақстанның оңтүстік-шығысында Алматы облысы Жамбыл ауданы  Қарабастау ауылынан 4 шақырым жерде, Алматы қаласынан 170 шақырым солтүстік-батысқа қарай  Таңбалы шатқалында орналасқан.

Таңбалы археологиялық кешенінің жалпы жер аумағы 3800 гектар  (ескерткіштер орналасқан аймақ  900 гектар қосымша 2900 гектар буферлік зона) құрайды. Ал «Таңбалы» сапаршы орталығы үшін 24 гектар жер телімі берілген.

       Таңбалы археологиялық кешенінде жүзге жуық әр уақыттағы ескерткіштері, қоныс, қабір, жартас суреттері, қола дәуірінен б.з.д. XIV-XIII

ғасырлардың ортасынан XIX-XX ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. 

 

       Петроглифтердің бірінші тобы 111 жартас суреттерді құрайды . Бұл жерде  жануарлардың және аяқталмаған суреттері бар.

   2 –топта 432 петроглифтер орналасқан. Қола дәуірінің суреттері өте ірі,  және терең қашалып салынған тек осы жерден ғана аң терісін жамылған адам бейнесін көруге болады.

    3-топта 444 петроглиф бар олардың  көпшілігі сақ уақытының және орта ғасырдың петроглифтерімен  толықтырылған.

    4 топта 700 астам жартас суреттері бар.Олар ерте темір дәуір, орта ғасыр және жаңа уақыт кезеңіне (19-17ғасырларға) жатады. Бұл жерде   күнбастылар бейнеленген, ал төменірек 10 жауынгер, босанған әйел және қолдарын жайып отырған адамдар бейнеленген.

  5-топта 1000 астам жартас суреттер бар. Қола дәуіріне жататын жануарлар бұқа, ешкі  бейнесі сақталған.