2023 жылғы 10 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Гүлмарал Тәтібаеваның «Сағыныш» атты жеке көрмесі өтеді.
Көрме әйел бейнесіне және қазақ халқының ерлікке толы өткен тарихына арналған. Автор бұл тақырыптарды жан-жақты, көп қырлы мағынада қарастырады. Экспозицияда елуден астам туынды ұсынылған. Олардың арасында инсталляция, кескіндеме, графика бар. Бұл суретшінің оныншы жеке көрмесі.
Гүлмарал Тәтібаева суретші, коллекционер, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі және көпбалалы қамқор ана. 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА бітірген. Астаналық ADYR-ASPAN арт-тобының мүшесі (бұрынғы KADMII QYZYL). Өңірлік және халықаралық маңызы бар көптеген көрмелерге қатысты. Бірқатар байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. 2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
«Мен ана сүтімен халқымыздың мәдени құндылықтарын сіңіріп, өскен қазақ отбасында дүниеге келдім. Бұл туралы ойлана отырып, мен қазақ әйелінің жинақталған бейнесінде қиын-қыстау заманда өмір сүруге мүмкіндік беретін қасиеттердің шоғыры бар деген қорытындыға келемін».
Көрермендердің назарына «Great QAMZOL» және «Аңыз» тақырыптық тұжырымдамасымен үндесетін екі инсталляция ұсынылды. Бұл жұмыстарда әйел бейнесі күш пен төзімділіктің иесі ретіндегі бейнеленген. «Бұл инсталляцияны жасау үшін мені өмірдегі ерен еңбегімен таң қалдыратын әйелдер шабыттандырды. Менің жолымда олар кездейсоқ кездескен жоқ деп ойлаймын. Олардың барлығы батылдық, жоғары рухани және сонымен бірге биязылық, терең даналық пен жанқиярлық қасиеттердің үлгісі. Мен бұл кездесулер үшін тағдырыма алғысым шексіз. Мен олардың бейнелерін ақ кенептерге түсіргім келді. Қазақ халқының түс символизмінде ақ түс – жоғары әлемнің түсі, тазалық пен сенімнің түсі. Дәп осы ақ матадан қазақ шеберлері әйелдердің бас киімі – кимешекті тіккен, - дейді Гүлмарал Амангелдіқызы. Бұл кескіндерді жасау үшін суретші цианотип техникасын қолданады. Гүлмаралды қайың қабығының бай құрылымы, түрлі-түсті реңктері, оның кең сәндік мүмкіндіктері шабыттандырады.
Өнертанушы Шайзада Тохтабаева өзінің «Гүлмарал Тәтібаева шығармаларының ойтолғауы» атты мақаласында: «Қиялдары арқылы бейнеленген ағаш қабықтарын рухтандырып, оған өзіндік тылсым, қорғаныш сезімін және емдік қасиетті сыйлай отырып, оны дербес және мағынаға толы материяға айналдырды» деп жазады. Гүлмарал өзінің шығармашылығы арқылы ата-бабаларының басына түскен сұрапыл тағдырының тарихын жеткізуге тырысады. «Менің әжем мен үлкен әжем балаларға азық табамыз деп, бір уыс бидай үшін бір қап тұз бен күрішті өгіздің үстіне жегіп бір ауылдан екінші ауылға баратын». Анам бөліскен бұл естеліктер бала кезінен жанашырлық сезімін оятып, оны кейінірек шығармашылық арқылы білдіру идеясына айналды. Гүлмарал алғашында көркем туындыларды қапшық матаға сала бастады, кейінірек бұл материалдан көлемді туындылар пайда болды. Экспозицияда 2023 жылы ағаш қабығы мен қапшық матаны пайдалану арқылы коллаж техникасымен жасалған үлкен әжесі Сағира мен үлкен атасы Сүбектің бейнелері бейнеленген.
Тәтібаеваның шығармалары республикамыздың, таяу және алыс шет елдердің музейлерінде және жеке коллекцияларында сақтаулы.
Көрме 2023 жылғы 7 маусымға дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі - Наталия Баженова, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің «Қазақстан қолданбалы өнері» бөлімінің жетекшісі