Оқиғалар

Санкт-Петербургтің график суретшісі Андрей Бодровтың «Өзімен-өзі күрес» көрмесі

2023 жылдың 18 сәуірінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Санкт-Петербургтің график суретшісі Андрей Бодровтың «Өзімен-өзі күрес» көрмесінің ашылуы өтеді. Содай-ақ, сағат 14:00-де суретші «Құрғақ ине» нақыштау техникасы бойынша шеберлік сабақ жүргізеді.

Андрей Бодров график суретшілерінің шағын ортасында – «құрғақ ине, штрихты өңдеу, акватинттер, картондағы гравюралар, монотиптер» сияқты әйгілі әдістермен жұмыс істейді. Көрме экспозициясына суретшінің «графит қарындаш, құрғақ ине, пастель, тушь» сияқты сүйікті техникаларында орындалған 60-тан астам графикалық жұмыстары қойылады. Бұл туындыларда           А. Бодров Ленинград қаласының академиялық көркемсурет мектебінде сіңірген шеберлік идеясын жүзеге асырады. Жоғары графикалық мәдениеттің бағдарларын ұстану оның шығармашылығының сипатын белгілейді. Шебердің жұмыстары оның әрбір таңдалған жанрға, техникаға, композиция мақамына деген мұқият көзқарасын білдіреді.

Санкт-Петербург академиялық көркемсурет мектебінің кәсіби мәдениеті құрғақ ине сияқты барынша еркін және кескіндемелік сезім ұялататын графикалық әдіс суретшіге болмыстың үздіксіз тіршілігін айналасына паш етуге мүмкіндік береді.

Суретшінің түстерді жете таңдауы, пастель штрихының графикалық сипаты шебердің көңіліне сезім ұялатқан жерлерді камералық тұрғыдан бейнелеу әдісін білдіреді. А. Бодровтың шығармаларындағы жоғары шеберлікпен орындалған көзге түспейтіндей табиғат көріністер, дала гүлдері, жыл мезгілдерінің ауысуы туған өлкенің табиғатына шексіз тамсану сезімін ұялатады.

Суретшінің «ню» шығармаларындағы басты тартымдылығы – әйелдердің дене бітімінің мәнерлі қимылдары болып табылады. Әрбір суретте суретшінің қалдырған ерекше қолтаңбасы бар, құмарлық сезімнің, қайшылықтардың, бейнеден тыс ой жүгірту мәселелерінің болмауы көрерменнің ынтасын кеңістікке салынған бейнелерге бағыттайды.

Көрменің авторы 1968 жылы Ленинградта дүниеге келген. Суретші бала кезінен сурет салу қабілетін көрсетті, жеті жасынан бастап Пионерлер сарайында көркемөнер пәнінен білім ала бастады. Бастауыш көркемөнер білімін алып, А.З. Давыдов пен С.Б. Эпштейннің жетекшілігімен Көркемөнер қоры жанындағы Біліктілікті арттыру студиясында шеберлігін шыңдауды жалғастырды. Сонымен қатар, ол В.И. Мухина атындағы Ленинград қаласының жоғары өнер және өнеркәсіп училищесінің дайындық бөлімінде, Ленинград металл зауытының жанындағы өнер студияларында оқыған. Көркемөнер қорының студиясы жабылғаннан кейін ол өзінің тәлімгері, график суретші Анатолий Давыдовтан 2009 жылы қайтыс болғанға дейін жеке сабақ алуды жалғастырған.

Суретші Графикалық өнер комбинатының тәжірибелік графикалық шеберханасында жұмыс істеді. Суретші иллюстратор Л.Г. Башковтың жетекшілігімен Е.Е. Баскакова мен С.И. Разуваевтың қатысуымен құрылған «Art-Craft» көркемөнер бірлестігінің ою-өрнек шеберханасында жұмыс атқарды, қазір осы бірлестіктің мүшесі болып табылады. Ресей Суретшілер Одағының мүшесі.

Ресейде және шетелде өткізілген 170-тен астам көрменің қатысушысы, оның ішінде 67-сі жеке көрмесі. Жұмыстары Ресей музейлерінің топтамаларында, соның ішінде Мемлекеттік Орыс музейінің, сондай-ақ Ресей Федерациясының, АҚШ-тың, Финляндияның, Францияның, Швейцарияның жеке топтамаларында сақталған.

Экспозиция 2023 жылдың 18 мамырына дейін жалғасады.

Көрме жетекшісі Хайдарова Айгуль