Оқиғалар

"Репин жанымызда" жеке көрмесі

2022 жылғы 2 желтоқсанда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Иван Стадничуктың "Репин жанымызда" жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Экспозицияда отбасылық коллекциядан, сондай-ақ, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан автордың 40-тан астам көркем, акварельдік, темпера техникасы ұсынылған.

Иван Яковлевич Стадничук 1913 жылы Украинадағы Бердычев қаласының маңындағы Халаимгородок ауылында дүниеге келген. Ол Бұхара, Самарқанд, Ташкентте тұрған. Ұлы Отан соғысы жас кезінде суретшіге әсер етті, 17 жасынан бастап ол Ұлы Отан соғысына қатысқан, батырлығы үшін медальдармен, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Оның суретші болуына әйгілі мүсінші Я. Кучиспен кездесу әсер етті. Ташкент көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін 1940 жылы И.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтына кескіндеме факультетіне оқуға түседі. Белгілі график-иллюстратор, РСФСР еңбек сіңірген суретшісі М.З. Рудаковтан білім алды. 1952 жылы Алматыға келіп, белсенді шығармашылық қызмет атқарады, көптеген жылдар бойы Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, Абай атындағы Каз ПИ-де сабақ берді, Қазақстан Суретшілер Одағы жанындағы «Жұма» көркемөнерпаздар шығармашылық акварель студиясын жүргізді.

Өз шығармашылығының, өз ойын білдіру ізденісінің арқасында Қазақстанның ең ірі суретшілерінің біріне айналды. Оның туындылары жарқын, әсем, көп дыбысты, әр түрлі жанрларда кескінделген. Портрет жанры ерекше назар аударуға тұрарлық, ол көп түрлі, көп қырлы, онан адамның кәсібін көруге болады, мінезін, оның ішкі әлемін сезінуге болады. Олар: «Дәрігер қыз», «Портрет» 1968 ж. және т.б. кенептер.

Экспозицияда басты орынды шебердің кескіндеме және сәулет өнерінің ұлы шеберлері Микеланджело мен Рафаэльге арналған "Ол менен күштірек" кенептері алады. Сюжетте суретші Микеланджелоның Ватикандағы әйгілі Сикстин капелласының төбесін бояған сәтін көрсетті, ол фрескалардың ең танымал циклін бейнелейтін адамның қиялын таң қалдырды, Микеланджелоның туындысына таңданған Рафаэль: "Ол менен күштірек!», - деп айқай салған.

И. Стадничук сонымен қатар акварель техникасын шебер меңгерген, оның пейзаждары жоғары көркемдік шеберлікпен және мәнерлілікпен, алуан түрлі түстер палитрасымен орындалған.

Суретші бүкілодақтық, республикалық, қалалық көрмелердің тұрақты қатысушысы болды. Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Оның туындылары Ә. Қастеев атындағы ҚР ММИ қорларында, облыстық мұражайларда және жеке коллекцияларда сақтаулы.

Көрме желтоқсан айының 23-не дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі – Нұғыманова Шолпан