2022 жылғы 13 шілде мен 12 тамыз аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Ежелгі орыс өнері» көрмесі өтеді. Ауқымды көркемдік жоба «United Charity Projects Evolution» қоғамдық қорының қолдауымен Қазақстанның православие шіркеуімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет алматылықтар мен қала қонақтары музей қорындағы иконалардың іріктемелі жинағымен және Қазақстандағы православие шіркеуінің коллекциясындағы ежелгі орыс шіркеу өнерінің заттарымен танысуға мүмкіндік алды. Осындай «Ә.Қастеев атындағы ҚазССР МӨМ жинағындағы орыс иконасы» атты экспозициялық-көрмелік жоба 1988 жылы бір рет қана өтті және Русьтің Шоқынуының 1000 жылдығына орайластырылды.
«Икона кескіндемесі тек діндар адамдардың өмірінде ғана ерекше орын алып қоймай, сонымен қатар әлемдік көркем мұра қазынасының бір бөлігі болып табылады. Шіркеу өнері пайда болғаннан бері ғибадатхана интерьерін безендіру үшін емес, дұға оқып, сенім негіздерін үйрету үшін қызмет етті, – деді Астана және Алматы митрополиті Александр. – Бүгінде қоғам өткеннің иконографиялық шеберлігіне қызығушылық танытуда. Сондықтан, біздің ортақ көрмелік жобамыз бен атақты қазақстандық музей коллекциясындағы православ иконасы кіретін каталогымыз шіркеу өнерінің бай әлемін әлемдік көркем мәдениет құбылысы ретінде ашқысы келетіндердің барлығына көмектесетініне сенімдіміз».
Бірлескен көркемдік жоба аясында Мәскеу музейлерінің жетекші мамандары музей қорынан төрт иконаны қалпына келтірді.
«Бірегей каталогтың көрмесі мен басылымы – кез-келген музей үшін үлкен әрі маңызды оқиға. Бұл музейшілердің бірнеше ұрпағының көпжылдық дәйекті жұмысының нәтижесі. Бұл кешенді жобаны дайындауға музейдің бүкіл ұжымы қатысты. - деп атап өтті Қастеев атындағы ҚР МӨМ директоры Гүлайым Жұмабекова. – «Ежелгі орыс өнері» көрмесі мен аттас каталог бірегей коллекцияға, сондай-ақ, жалпы музейге үлкен қызығушылық тудырады деп үміттенеміз».
Көрмеге Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі жинағынан 60-тан астам иконография және металл пластика туындылары және Қазақстан православ шіркеуі жинағынан 60-тан астам экспонат қойылды. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасы бойынша шіркеу ұсынған заттар - Құдайға құлшылық ету ыдыстары, тақуалық Інжілдер мен кресттер, діни қызметкерлер киімдері – үш ғасырдан астам уақыт ішіндегі ғибадатхана жабдықтарының тарихын көрсетеді.
Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы музей қорынан XVII-XIX ғасырлардағы Ежелгі орыс өнерінің толық топтамасының аннотациялары бар репродукциялары бар эксклюзивті ресімделген каталог шығарылды. Жинақта 122 икона кескіндемесі және 39 дана мыс құйылған пластик (үстел және кеуде кресттер, бүктемелі иконалар және миниатюралық суреттер) бар.
Бүгінгі таңда бұл республикадағы осындай мазмұндағы жалғыз басылым. Ол өнер тарихшыларына, музей қызметкерлеріне, мамандандырылған университеттердің оқытушылары мен студенттеріне және бейнелеу өнерін бағалаушыларға арналған.