Оқиғалар

«Музейдің қолжетімді ортасын және барлық адамдардың мәдени өмірге тең қатысуын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел

2022 жылы, 20 сәуір күні сағат 10:30-да ҚР Әбілхан Қастеев  атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Музейдің қолжетімді ортасын және барлық адамдардың мәдени өмірге тең қатысуын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

  Дөңгелек үстел аясында мыналар жоспарланған:

  • Қол жетімді музей ортасын қамтамасыз ету және барлық адамдардың мәдени өмірге тең қатысуы сияқты ортақ мақсатқа қатысты маңызды мәселелерді талқылау.
  • Кездесуге қатысушыларды музейдің жаңа және іске асырылып жатқан әлеуметтік-инклюзивті жобаларымен таныстыру.
  • Кәсіби музей қоғамдастығының да, сондай-ақ қалың жұртшылықтың да назарын әлеуметтік инклюзия тақырыбына аудару, бұл айналасындағылардың мүгедектігі бар адамдарды қабылдауын өзгертуге ықпал етеді.
  • Одан әрі ынтымақтастық үшін жоспарлар жасау.

Музей мамандары мен жұртшылықтың күш-жігерін біріктіру музей құралдары арқылы мүгедек адамдарды әлеуметтендіру және шығармашылық оңалту практикасын жақсартуға, сондай-ақ мұражайда қолжетімді орта құруға сапалы өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Музей адамдардың ең көп баратын мәдени мекемелердің бірі ретінде қол жетімді кеңістіктің үлгісі бола алады және мүгедек жандардың әлеуметтік инклюзиясын түсінуге көпшіліктің назарын аударуға тырысады.

Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы  ҚР МӨМ-нің дәрісханасы

Дөңгелек үстел модераторы - Светлана Жұмасұлтанқызы Көпжанова,

Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ директорының ғылым істер жөніндегі орынбасары