Оқиғалар

Вероника Тришинаның "Терезеге қарасам теңізді көремін" атты дебюттік көрмесі

2022 жылдың 26 наурыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Целинный» заманауи мәдениет орталығының Ümit бағдарламасы аясында алматылық жас суретші Вероника Тришинаның "Терезеге қарасам теңізді көремін" - "Я смотрю в окно и вижу море" атты дебюттік көрмесі ашылады. Көрме «Периодика» көрме залының жаңа визуал бейнесін жасауы арқасында иммерсивті формаға ие болады. Ümit бастамасының мақсаты – қазақ өнеріндегі жаңа есімдерді анықтау және жергілікті көркемөнер сахнасының жас суретшілерін қолдау.

Көрме туралы   Жеке көрме жасауға суретшінің қысқы теңіз бейнесіне енуге деген импульсивті ұмтылысы себеп болды. Бұл жобада Вероника өз тәжірибесінің сипаттамасын кеңейтіп, оған түс көруді жаңғырту және сюрреалистік теңіз қаласын дрейфке шақыруды қосады.   Экспозиция картада тұрған кездейсоқ шартты теңізде өтеді. Өнер тарихында мұндай жолды ситуационист суретшілер қолданған, трансценденттік тәжірибе іздеу барысында күтпеген бағыттарды белгілей отырып, олар түс пен шындық арасындағы шекараларды бұлдыратқан. Символизмге толы саяхатты «мұхит сезімі» тәжірибесін жазатын күнделік ретінде қарастыруға болады.

Көрменің басты жұмысы – екі арналы видеоэссе. "Терезеге қарасам теңізді көремін" – фантом естеліктерді аңсау сериясының жалғасы мен дамуы. Әлемдік әдебиетте мұндай асқақ эмоция жазушы және мистик Ромен Ролланның шығармаларында мұхит туралы пайымдаған кезде жиі туындайтын сезім ретінде көрініс табады. Роллан Зигмунд Фрейдпен хат алмасқанда «мұхит сезімі» терминін діни экстазбен салыстыруға болатын мәңгілік сезім ретінде сипаттайды.   Фрейд бұл терминді «Мәдениетке наразылық» трактатында айтып өтеді, бірақ оның сипаттауы Ролланмен келіспейді және ол бұл ұғымды психоанализ тұрғысынан қарастырады, әлеммен бірлік сезімін және субъективті «Мен» мен ана құшағындағы баланың объективті сыртқа әлемі арасындағы ажырамас күймен байланыстырады.    

Суретші жайлы.   2021 жылғы көктемде «Целинный» заманауи мәдениет орталығы ашық байқау жариялады. Бірнеше іріктеу кезеңінің нәтижесінде суретші Вероника Тришина Ümit бағдарламасына қатысуға шақырылды. Бағдарлама аясында ол Марта Киршенбаумнан, Барт де Бареден, Паям Шарифиден, Катерина Корзактан, Наталья Серковадан және Александр Угайдан кеңес алды. Суретші Алматыда тұрып, жұмыс істейді. Оның тәжірибесі деректі фотосуреттерді, цифрлық коллаждарды және кино түсіруді біріктіреді. Тришинаның көркемдік зерттеулері жад, денелік және адуынды толқындардың мазасыз бейнесімен теңестіру тұжырымдамасына негізделген. Көрмеге қойылған жұмыстар Ақтау қаласына саяхат күнделігі негізінде жасалған. Верониканың жеке көрмесінің негізгі нарративі қысқы теңіз бейнесіне енуге деген импульсивті ұмтылыс болды.  

Ümit бағдарламасы туралы  

Өтінімдерді халықаралық тәжірибесі бар және қазақстандық көркемдік контекске тартылған консультациялық кеңес іріктеді. Іріктеу тобының өкілдері Аятғали Төлеубек, Ғайша Маданова және Әлия де Тизенгаузен қазіргі заманғы өнер ортасын дамыту, көркем білім беру мәселелері және мәдени жобалардың тұрақтылығы туралы пікір айтты.  

Аятғали Төлеубек – Ослода тұрып, жұмыс істейтін қазақстандық суретші. Оның көркемдік тәжірибесі технологияға қатысты мәселелерге бағытталған. Көркемдік қызметімен қатар Аятғали куратор болып та істейді. 2013 жылы Венеция биенналесінде ОА павильоны кураторларының бірі болды, ал 2014 жылдан бастап Ослодағы PODIUM көрмелерінің кураторы.  

Әлия де Тизенгаузен – өнертану ғылымдарының кандидаты, кеңестік және посткеңестік Орталық Азия өнерін тәуелсіз зерттеуші. «Central Asia in Art: from Soviet Orientalism to the New Republics» (I.B. Tauris, 2016) кітабының авторы. Доктор де Тизенгаузен 2010 жылы Лондондағы Courtauld Institute of Art институтында докторлық дәрежесін алды.  

 Ғайша Маданова – түрлі техникадағы ақпарат құралдарымен (баспа, нысандар, цифрлық медиа, инсталляциялар) жұмыс істейтін суретші. Оны бақылау тақырыптары, ішкі «меннің» көрінісі ретіндегі дене, түрлендірулер мен ығысу стратегиясы қызықтырады. Алматы құрылыс және басқару колледжі мен Мюнхен өнер академиясының сәулет факультетін бітірген. Artpologist халықаралық өнер ұжымын және қазақтың тұңғыш концептуалды ALUAN өнер журналы негізін қалаушылардың бірі.  

Сілтемелер: ‣ Орталық сайты: http://tselinny.org

Көрме сәуір айының 29-на дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі - Анвар Мусрепов

IMG8269
IMG1032
IMG8270
Screenshot-2022-03-17-at-155930
TrueGrit---Cracked-08b-neg
UMIT-BKG-WHITE