2021ж. 19 қыркүйек күнінен 3 қазанға дейін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы қаласы күніне орай «АЛМАТЫ СУРЕТШІЛЕР КӨЗІМЕН» атты көрмесі өтеді.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қазақстандықтарды айтулы мереке – Алматы қаласы күнімен құттықтауға қуанышты және осы мерекеге орай 2021 жылдың 19 қыркүйегінде "Алматы суретшілер көзімен"атты көрме өз есігін айқара ашады. Дарынды суретшілердің шығармашылық әлемі қаланың көпқырлылығын ашады, белгілі көрікті жерлерді, бірегей архитектураны, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарын, қарапайым тыныш көшелерді, кейбір таныстары мен туыстары үшін жағымды естеліктер береді.
Көрмеге "Жаухар" сурет галереясы ұсынған заманауи суретшілердің жұмыстары қатысады. Есімдердің көпшілігі көрермендерге таныс, ал әлі білмейтіндер үшін Ведерников Максим, Джалиев Ерлан, Жошыбаев Нұрлан, Ермоленко Александр, Кравцов Сергей, Құлбатыров Рашид, Омышев Сәрсен, Уткин Алексей, Фридлин Евгений, Хамиров Ерболды таныстыруға қуанышты. Олардың барлығы заманауи қала және "Ретро Алматы"ұғымдары байқалатын сүйікті қаламыздың атмосферасын түсіре отырып, шынайы қалалық пейзаж жанрында шебер жұмыс істейді.
Суретшілердің жұмысы негізінен лирикалық көңіл-күйге, дәлдікке және графикалық экспрессивтілікке толы. Көркем суреттер біздің алдымызда жылдың әр мезгілінде, ұмытылмас түстер мен ырғақтарда, шеберлердің әрқайсысының шабыттандыратын және ерекше ұсынысымен көрінеді.
"Алматы суретшілер көзімен" көрмесі алматылықтар мен Қазақстанның тамаша қаласының қонақтары үшін нағыз сыйлық болып табылады және ешкімді бей-жай қалдырмайды деп айтуға әбден болады!