Есептер

2018 жылдың жұмыс есебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІ

logo museum kzӘ. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қызметі музейдің басты миссиясын жүзеге асыруға бағытталған, ол Қазақстан Республикасының көркем мұраларын сақтау және кеңінен тарату. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық мәдениеттің, руханилықтың, тарихи әрі көркемдік мұраның құндылығы мен маңыздылығын атап көрсетеді. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы». Елдің бай мәдени мұрасы мен көркемдік қазынасының басты сақтаушысы музейлер болып табылады. Олардың мақсаты ұлы түркі мәдениетінің үздік үлгілерін, көшпенділер мәдениетінің жетістіктерін, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұқият берілген дәстүрлерді дәріптеу және сақтау.{/lang}

2018 жылы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейімен жүзеге асырылды:
 Музей қорынан екі ірі халықаралық көшпелі көрмелер:
 «Еуропа мен Азияның қиылысында: Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясынан Қазақстан өнерінің жауһарлары», 16 маусым – 15 шілде, Ұлттық Арт-Клубы, Нью-Йорк, АҚШ.
 ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен «Ұлы Дала рухы», 14-24 қараша, Анкара, 26 қараша-10 желтоқсан, Бурса, Түркия.
 Музейлік көрмелер – 63, олардың ішінде 18 халықаралық (ҚР МӨМ – 38, олардың ішінде 14 халықаралық; в ОКЗ –25, олардың ішінде 4 халықаралық). Халықаралық жобаларда музей Германия, Израиль, Қытай, Ресей, АҚШ, Франциямен ынтымақтастық орнатты.
 Жаңа түсімдер – 330 бірлік сақтау (ККД-дан және сыйға берілгендер). Қордың жалпы саны 25 147 бірлік сақтау.
 171 туынды реставрацияланды (қордан 131, 40 Қарағанды музейі үшін ақылы негізде).
 Ғылыми каталогтың жарыққа шығуы – Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан Қазақстан кескіндемесі II том (Л-дан Т-ға дейін) (147 суретшінің 1172 туындысы).
 «Гиперкоммуникация дәуіріндегі музей: жаңа көзқарастар» тақырыбындағы жыл сайынғы «Қастеев оқулары - 2018» музейлік ғылыми-практикалық конференциясы (1-2 қараша), материалдардың шығарылымымен.
 Экскурсиялар – 610.
 «Әсем Әлем» Өнер академиясының аясындағы дәрістер – 59 (оның ішінде 4 шетелдік сарапшылармен оқылды).
 Келушілердің саны – 120 627 адам
 БАҚ-ғы музей туралы шыққан ақпараттар – 2 000 астам.
 Баспасөз конференциялары – 7, баспасөз турлары - 8.
 Музейлік тұрақты жобалар, оның қатарында: Музыкалық вернисаж – 9, Музей түні (келу бойынша рекордтық – 7 000 адамнан астам), «Индиго» бейнелеу өнері студиясы, мектеп демалысы кезіндегі «Сиқырлы шам» бағдарламасы, шеберлік сабақтары, музейлік квесттер мен көптеген басқалары.
 Әлеуметтік жобалар: Аутизм диагнозы бар суретшілердің көрмесі (қаңтар, ОКЗ); Авторлық қуыршақтардың «Періштелер уақыты» атты халықаралық қайырымдылық көрмесі, аукцион саудасы науқас балаларға көмекке беріледі (ОКЗ, 14 қаңтардан бастап, 27-28 қаңтар); Дамуында ерекшеліктері бар және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Рухани Шабыт» қазақ дәстүрлі өнерінің фестивалі (қыркүйек).
 Инновациялық жобалар: музеймен «Әсем Әлем жастар» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер тарихы мен дәуір музыкасының кешенді және практикалық сабақтары бар дәрістер курсы жасалды.
 Халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою (ТҮРКСОЙ, «Құрманғазы ат. қазақ ұлттық консерваториясы» РММ, «Куратор» мәдени платформасы, Халықаралық «Астана» ғылыми кешені).
 Президент Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауының негізгі ережелерінің екі мәтінін түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар, сондай-ақ ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы : еңбек ұжымымен және шығармашылық зиялы өкілдермен кездесулер, негізгі ережелерді қозғау бойынша сөз сөйлеу, жарияланымдар, депутаттармен кездесу, «Нұр Отан» партиясының дөңгелек үстелдеріне қатысу – жыл бойына 5 іс-шара.
Музейді жаңғырту жобалары:
 жәдігерлерді цифрлау;
 электронды мәліметтер базасын құру бойынша жұмыс;
 3D мультимедиялық галереясы мүсіндердің 190 фотосуреттерімен толықтырылды;
 музей жинақтары бойынша мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік тізілімге тапсыру (жылына 6 126 жәдігер), сондай-ақ қазақ тілінде (730 бірлік сақтау).
 суретшілер қолтаңбасының деректер қорын қалыптастыру;
 3D-мүсін галереясы жобасының жұмысын жалғастыру, музейлік бейнероликті дайындау және таныстыру.
 Музей қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдары – 44.
 Адами капиталды көтеру:
 Музейлік тағылымдамалар – Қазақстан бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі Мамытова С.М. Лондондағы тағылымдамасы, қыркүйек-қараша, реставратор Момбекова Ә., Санкт-Петербургтегі архитектуралық-мәдени мұра ревтаврациясы бойынша тағылымдамасы – 3 күн, маусым
 Магистратура – 2 қызметкер оқуда (Нүсіп, Қаирбекова), 2 қызметкер сәтті аяқтады (Танская, Акилбекова).
 Тренингтер мен семинарлар:
 Заң ғылымдарының кандидаты Темірлан Болатұлы Төлегеновтың «Авторлық құқық мәдени кәсіпкерліктің негізі» тренингі – 15 қаңтар.
 Ю. Каштелюктің «Өнер жайында жазудың өзі өнер» тренингі – 17 ақпан.
 Тибо да Ройтордың «Көрмені қалай жасайды» тренингі («Шекара» көрмесінің жетекшісі) – 22-25 қыркүйек.
 Өнер туралы заманауи әдебиетті шолу бойынша бірқатар музейлік семинарлар ( «Гараж» заманауи өнер орталығымен музейге сыйға берілген басылымдар) – жылына 6 семинар.
 Дөңгелек үстелдер – 8:
1. Президент Жолдауын алға жылжыту бойынша дөңгелек үстел– 17 қаңтар 2018 ж.
2. Дүниежүзілік фотография күніне арналған «Тұран» университетінің, Кино және телевидение академиясының өнертану профессоры, «Медеу» фотоклубының президенті В.Д Коренчуктың қатысуымен дөңгелек үстел – 19 тамыз.
3. Қазақстан Гете-институтының «Шекара» көрмесі бойынша дөңгелек үстел – 20 қыркүйек шетелдік жетекшілердің қатысуымен.
4. Дамуында ерекшеліктері бар және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Рухани Шабыт» қазақ дәстүрлі өнерінің фестивалі, «Рухани шабыт» фестивалінің қорытындысы бойынша дөңгелек үстел - 4 қазан
5. «Суретшіні өнер нарығында алға жылжыту: тиімділікке заң аясында қалай қол жеткізуге болады» дөңгелек үстелі – 18 қазан.
6. Тұңғыш Президент Қорымен бірлескен жас суретшілердің «ЖасSтаr» көрмесі аясында дөңгелек үстел – 19 қазан.
7. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша халықаралық дөңгелек үстел (Қазақстанның Белгілі 50 суретшісі) – 19 қазан.
8. РФ Консулы И.В. Переверзеваның қатысуымен орыс балетінің 200-жылдығына арналған халықаралық қуыршақтар көрмесінің ашылуы бойынша халықаралық дөңгелек үстел – 1 қараша.

Есепті толық оқып шығыңыз >>>