Есептер

2023 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ЕСЕБІ

 

МУЗЕЙДІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі өткен жылдың қорытындысында барлық музейлік бөлімдердің жетістіктерге толы қызметін атап көрсетеді. Музей еліміздің мәдени мұрасын сақтай отыра, насихаттау жұмыстарының басты міндеті музей жинақтарын сақтау, қалпына келтіру, зерттеу мен жұртшылыққа танымалы ету арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Барлық жұмыстың қызметі бекітілген жоспар мен жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес атқарылады.

Музей құрылымына қор сақтау және реставрация орталықтары, ғылыми бөлімдер, жобалау қызметі және музей педагогикасы орталығы, баспасөз қызметі, көрме және экспозиция орталығы, баспа бөлімі, техникалық қызметтер және әкімшілік аппарат кіреді. Музей жанында оның екі бөлімшесі жұмыс істейді: Орталық көрме залы мен Ә. Қастеевтің музей-үйі. Музей қызметінің қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық, білім беру, жобалау және т.б негізгі түрлерін қамтамасыз ететін барлық құрылымдық бөлімшелердің жоспарлы және үйлесімді жұмысына негізделген.

 

Ә. Қастеев ҚР МӨМ-нің 2023 жылғы жалпы жоспарлы көрсеткіштері

-      500 экскурсия, дәрістер өткізу жоспарланған – іс жүзінде 605 (экскурсия) + 27 (дәріс) өткізілді, жоспар асыра орындалды

-      іс жүзінде 203 597 адам келді, 100 000 адамның келуін қамтамасыз ету жоспарланды – жоспар асыра орындалды

-      50 көрмені өткізу жоспарланды – іс жүзінде 68 көрме өткізілді, жоспар асыра орындалды

 

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің 2023 жылға арналған жалпы сандық есебі:

·            Жаңа түсімдер – 215 (201 сақтам бірлік негізгі қорға қабылданды, 14 – КМК және қосымша қорға). 2023 жылдың желтоқсан айында  қордың жалпы саны 26 124 сақтам бірлікті құрады.

·            150 туынды қалпына келтірілді: кескіндеме –  53, графика – 51, мүсін – 3, зергерлік заттар – 23, жұмсақ бұйымдар – 20.

·            182 экспонат ғылыми өңделді: Қаз. бейнел өнерінің 62 сипаттамасы,  97 шетелдік, 23 Қаз. СҚӨ.

 

·       Көрмелер – 68 (Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ және ОКЗ):

-    оның ішінде 13 халықаралық (Испания, Корея, РФ, Өзбекстан, ҚХР, Франция) ,

-    8 республикалық,

-    8 қор көрмесі өткізілді.

Читать полный текст отчета >>>