ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі
Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған
ҚАСТЕЕВ ОҚУЛАРЫ-2017
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Сіздерді 2017 жылы Қазақстанның тұңғыш кәсіби әйел суретшісі Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2017» ғылыми-практикалық конференциясына шақырады. Конференция музей ісінің теориясы мен практикасына, өнертанудың өзекті мәселелеріне ғылыми мән беріп, талқылайтын алаңға айналады.
Конференция 2017 жылы 20 қазанда Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде сағат 09.30-дан 18.00-ге дейін өтеді Алматы, Қазақстан.
Конференцияның мақсаты мен міндеттері
• Өнертану теориясы мен практикасының өзекті мәселелері.
• Музей ісінің теориясы мен практикасын зерттеу.
• Қазақстан бейнелеу өнерінің даму парадигмасын ұғыну және талдау.
• Мәдени және көркемдік мұраны тиімді зерттеу және жандандыру тәсілдерін іздестіру.
• Гуманитарлық білім беру саласында пәнаралық өзара ықпалдастықты күшейту және оларды тәжірибелік әрекетке енгізу.
Конференцияға қатысуға
Музей мамандары, өнертанушылар, әлеуметтік мәдениеттанушылар, тарихшылар, көркемдік жоғары оқу орындарының оқытушылары, аспиранттар мен магистранттар шақырылады.
Негізгі мәселелер:
- Қазақстан бейнелеу өнерінің іргесі қаланғаннан бүгінгі күнге дейінгі дамуы: алдыңғы қатарлы шеберлердің қазіргі арт-процестерге ықпалы.
- Қазақстан өнеріндегі «Әйелдер соқпағы».
- Заманауи көркемдік процестің стиль қалыптастыру үрдісіне талдау.
- Қазақстан бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы өнерінің теориясы мен тарихының проблемалары мен үрдістері.
- Бейнелеу өнері жанрларының дамуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары.
Конференцияны ұйымдастырушылар мақалалар жинағын конференцияның басталуына қарсы шығаруды мақсат етіп отыр. Осыған байланысты конференцияға қатысу үшін өтінімдеріңізді (үлгісі қосымшада берілген) 2017 ж. 1 қыркүйекке дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Ұйымдастыру комитеті конференция деңгейіне сай келмеген мәтіндерді жариялаудан алып тастауға құқылы. Одан кешіккен мәтіндер қабылданбайды. Сырт жақтан келетін қатысушылар 3 мың теңге кіріс жарнасын төлейді, ол жинақтың авторлық данасын алуына құқық береді.
Жарияланған кезде авторлық редакция сақталатын болады. Мақаланың мазмұны мен жіберілген қателерге автор өзі жауап береді. Мәтіннің рәсімделуіне қойылатын талаптарды ұстануды өтініп сұраймыз.
Конференция қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Редакцияланған мәтін Word, Times New Roman мәтіндік редакторында, 14 шрифтіде, жоларалық интервал – 1, жиектері – 2,0 орындалады. Мәтіннің көлемі 8 беттен аспауы тиіс. Мәтінге ең көбі 5 иллюстрация қосуға болады.
Беттің жоғарғы оң жағында – ТАӘ (толығымен), жұмыс орны, атағы, ғылыми дәрежесі жазылады. Баяндаманың атауы дәл ортасында орналасады. Мақаланың түйіндемесі негізгі мәтін тілінде болады (300 таңбаға дейін). Әдебиеттер тізімі сілтемелерді рәсімдеуге бекітілген талаптар бойынша мәтіннің соңында беріледі.
Басқа қалалардан келген мамандардың іссапар шығынын жіберуші жақ төлейді.
Қатысуға өтінім мен материалдарды мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз:
050040 Алматы, Көктем-3, 22/1 немесе электрондық пошта.
Жобаның үйлестірушісі Екатерина Резникова, (727) 394-57-05.
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Факс: (727) 394-55-19.
1-қосымша
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)___________________________________________________
Жұмыс орны___________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы_________________________________________________________
Баяндаманың тақырыбы _______________________________________
Мекенжайы____________________________________________________
Телефон, Факс_________________________________________________
E-mail_________________________________________________________
Сөйлейтін сөздің тақырыбы_____________________________________________________
2-қосымша
МӘТІНДІ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
Резникова Екатерина Ильинична,
кандидат искусствоведения,
ученый секретарь
ГМИ РК им. А. Кастеева,
Казахстан, Алматы
К ВОПРОСУ О ВЗАИМОДЕЙСТВИИ ТЕОРИИ И ПРАКТИКИ МУЗЕЙНОГО ДЕЛА
В исследовании затрагиваются многообразные аспекты взаимодействия теории и практики музейного дела на примере Государственного музея искусств РК им. А. Кастеева в период Независимости Казахстана.
В деятельности Государственного музея искусств РК им. А. Кастеева ... текст статьи.
Искусствовед … так характеризует это явление: «сноска» [3, с.34].
Список литературы
1. Алпатов М.В. Очерки по истории портрета. – М.- Л., 1937, с. 136.
2. Барманкулова Б.К. Архетипы в искусстве Казахстана // Актуально об актуальном: Сборник статей о современном искусстве. – Алматы, 2000.
3. Малая история искусств. – М: Искусство, 1965.